Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін нормалар қолданысқа енгізілді
Курс валют в Актау
на 21/10/2018
 
364.08
367.95
 
417.43
422.23
 
5.49
5.64
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
21 Октября, 16:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін нормалар қолданысқа енгізілді

10 Августа 2018 (09:05) | 518 | Автор: Нурганым Имашева

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы және құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылдың 12 шілдедегі № 180-VI Заңы жарияланды.

 

 

Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодексіне, сондай 12 басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңнамалық түзетулер ҚК-нің 262 бабын, ҚПК-нің 45 бабын, ҚАК-нің 9 бабын қамтыды. Берілген өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін Заңның 1-бабының 15-тармағын қоспағанда, 2018 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Заңда қылмыстық пен жазалануды жоятын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, басқаша айтқанда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жағдайын жақсартатын нормалар қамтылған.

 

ҚР ҚК-нің 6 бабына сәйкес мұндай нормалардың кері күші болады және Заң жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ сотталғандығы бар адамдарды қоса алғанда, қолданысқа енгізілгенге дейін тиісті іс-әрекетті жасаған адамдарға қолданылады.

 

Қылмыстықтан арылтуға қылмыстық іс бойынша айтарлықтай, ірі немесе аса ірі залал Заңмен белгіленген жаңа шектен төмен болған іс-әрекеттер жатады. Залал шектерінің өзгеруіне байланысты іс-әрекетті қылмыстықтан арылту және қайта саралауға  болады.

 

 

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыстар санкциясында балама ретінде енгізіледі, бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза – 11 ауыр қылмыс санкциясында, ірі айыппұлдар – 2 сыбайлас жемқорлық құрам санкциясында балама ретінде енгізіледі. Қылмыстық теріс қылықтардың 149 құрамы бойынша айыппұлдар, түзеу жұмыстарының мөлшері, қоғамдық жұмыстар мен қамаққа алу мерзімдері төмендетіледі. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қолдану мүмкіндігі енгізілді (ҚК-нің 10 бабы 2 бөлігі).

 

Аяқталмаған қылмыс үшін анағұрлым жеңіл жаза тағайындалған жағдайда жаза ауыстырлыған кезде айыппұл төменгі шектен де төмен мөлшерде айқындалуы мүмкін. Айыппұл мөлшерін таңдауға әсер ететін факторлар кеңейтілген. Бұдан былай айыппұл мөлшерін тағайындалған кезде жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайы ғана емес, отбасылық жағдайы, сондай-ақ оның еңбекақы немесе өзге де табыс алу мүмкіндігі де ескеріледі. Бұл айтарлықтай мән-жайлар алдын ала тергеу барысында анықталуы, сондай-ақ сот талқылауы барысында мемлекеттік айыпталушы - айыппұл төлеу мерзімін ұлғайтқан және бұл сот үкімінде айтылғандай анықталып, нақтыланған болуы тиіс.

 

 

Айыппұлды төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және үш жылдан аспайды. Айыптау сөзінде ұсынылған айыппұлдың мөлшері және оны орындау мерзімдері дәлелді болуы тиіс. Айыппұлды кейін қалдыру институты көзделген.

 

Түзеу жұмыстарының мөлшері мен шарттары өзгертілді және мерзімдері айыппұлдар туралы бапқа енгізілген өзгерістер сәйкестендірілді. 

 

Заңның берілген ережелері күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың және сотталған адамдардың жағдайын жақсартады.

 

ГМ-172/10 мекемесінің арнайы есеп бөлім бастығы әділет майоры Жібек Жанжигитова

 

Суреттер Stan.kz, lenta.inform.kz, dailynews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему