Маңғыстау жастары арасында шағын футболдан  «Достық кубогы» турнирі өтті
Курс валют в Актау
на 15/08/2018
 
360
364
 
407.4
412.4
 
5.35
5.52
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
15 Августа, 21:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау жастары арасында шағын футболдан «Достық кубогы» турнирі өтті

9 Августа 2018 (09:40) | 368 | Автор: Нурганым Имашева

Кеше 8 тамызда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мұнайшы» стадионында өткен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған шағын футболдан «Достық турнирі» аяқталды.

 

 

Турнирге облыстың аудан-қалаларының жастар ресурстық орталықтарыңан, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасынан және аймақтағы жастар ұйымдарынан – барлығы 10 команда қатысты.

 

Футбол жарысына қатысуға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы өз командасын даярласа, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы да өз ойыншыларынан тұратын тобын турнирге үкілеп қосты, сонымен қатар «НұрОтан» партиясының жастар қанаты «ЖасОтан» жастар ұйымы да өз командасын жасақтаған.

 

 

Доп додасына қатысуға ниет танытқандар қатарында сондай-ақ облыстың Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу аудандарынан келген командалар қатарында Мұнайлы ауданының екі бірдей командасы өз бақтарын сынады.

 

Жарыстың басталар сәтінде қатысушыларға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы құттықтау сөз арнады.

 

 

-Бүгінгі жарысымызды 12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында шағын футболдан «Достық турнирі» деп ұйымдастырып отырмыз.

 

Бұл футбол бәсекесін өткізудегі біздің мақсатымыз – жастарымызды бұқаралық спортқа тарту, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр, сергек болуға ұмтылуға ынталандыру, жастардың бойында жігерлілік пен жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыру болып табылады.

 

Турнирге қатысушылардың баршасына сәттілік пен жеңіс тілеймін,- деген тілегін білдірген Бауыржан Орынбайұлынан кейін сөз алған Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Мирлан Сақтағанұлы Хажгереев пен Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Жеткізген Досан Жеткізгенұлы да команда ойыншыларын турнирдің басталуымен құттықтап, жеңіс пен сәтті ойын тіледі.

 

Алғашқы айналымда «А» және «Б» топтарына бөлінген командалар өзара бақ сынасса, кейін жеңіске жеткен құрамалар арасында іріктеу ойындары өтті. Іріктеуден өткен топтар жартылай финалда ойнап, одан ұтқандар финалда кездесті.

 

Турнирдің қорытындысы бойынша жарыс соңында финалда ІІІ-ші орын үшін таласқа түскен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының тобы мен «Қарақия ауданының жастар ресурстық орталығы» командасының ойыны нәтижесінде Қарақиялық футболшы жастар жеңіске жетті.

 

 

Ал жүлделі І орынға таласқан «Мұнайлы аудандық білім бөлімінің» тобы мен Мұнайлы ауданының жастар ресурстық орталығының командасының арасындағы ақырғы бәсеке өте тартысты өтті. Бір ауданнан қатысқан екі команданың өжет жастарының жеңіске деген жігері анық байқалды. Нәтижесінде Мұнайлы ауданының жастар ресурстық орталығының тобы І орынды жеңіп алып, турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Жеңімпаз атанған командалар арнайы кубоктар және дипломдармен, медальдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушы барлық топтарға жарыстың ұйымдастырушысы Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Алғыс хаты» табысталды.

Сонымен қатар дүбірлі доп додасының қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы» болып Жидебаев Мерей (Мұнайлы ауданының жастар ресурстық орталығының тобынан), «Үздік ойыншы» болып Боранбаев Саламат (Бейнеу ауданының жастар ресурстық орталығы» командасынан), «Үздік шабуылшы» ретінде Жұмаханов Ербол (Маңғыстау ауданының жастар ресурстық орталығының тобынан), «Үздік қорғаушы» болып Байғабылов Ғайса («Қарақия ауданының жастар ресурстық орталығы» командасынан) танылды. Үздіктерге естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.

 

 

Жарыстың бас төрешісі ҚР бойынша І категориялы судья Камила Гадиеваның пікірінше, «Қарақия ауданының жастары командасының жарыста жеңіске жетуге деген ынтасы өте жоғары болды, олар агрессивті түрде, бірақ өте жақсы ойнады, турнир қорытындысында ІІІ орынға тұрақтады, «Мұнайлы ауданының білім бөлімінің» командасы жақсы ойын көрсетті, алайда бірінші орынға сәл-сәл жете алмай қалды. Ең мықтылар ғана жеңіске жетеді» дегендей, Мұнайлы ауданының жастар ресурстық орталығының тобы – турнир жеңімпазы болып табылды. Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймын. Жарыс өте жақсы деңгейде өтті».

 

«Қарақия ауданының жастар ресурстық орталығы» командасының капитаны Аташев Абылай:

-Турнир жалпы жақсы өтті, керемет, көңілден шықты. Ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Біздің команда жұмыстан кейін күнде осы турнирге тыңғылықты дайындалды. Осы турнир болады дегеннен бері жарысқа күнбе-күн дайындалумен болдық,- десе:

 

Жарыстың жеңімпазы - Мұнайлы ауданының жастар ресурстық орталығының тобының қорғаушысы Ақылбек Тұралбек:

 

-Жалпы, жарыстың деңгейі өте жақсы болды, әсіресе төрешілердің қосқан үлесі зор деп санаймын. Әділ төрелік болды жарыста. Жаз мезгілі болған соң біз далада және спорт залында да дайындалдық. Ұйымдастырушыларға және төрешілерге рахмет айтамыз,- деген ойымен бөлісті.

 

 

Турнир қорытындысы бойынша ІІ-ші орынға жайғасқан «Мұнайлы ауданының білім бөлімі» командасының капитаны Исметов Жанболат:

-Турнир ойымыздан шықты, көңіл-күйіміз тамаша. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Біздің команда турнирге қызу, қарқынды дайындалды. Жүлделі орынды жеңіп алғанымызға өте қуанышытымыз,- деді.

 

Жарысты ұйымдастырушылар өз мақсаттарына жетті. Спортты жандарына серік еткен маңғыстаулық жастар, футболды тек жақсы көріп қана қоймай, оны ойнауды да білетінін дәлелдеді, турнирді тамашалаған жанкүйерлер жеңіске жетуге тырысқан әрбір команданың намысты қолдан бермей, ең ақырына дейін алға ұмтылғанының куәсі болды.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему