Каспий теңізі жағалауында қала тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған рейдтер ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 18/09/2018
 
370.1
374.23
 
430.89
435.67
 
5.38
5.54
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
18 Сентября, 22:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспий теңізі жағалауында қала тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған рейдтер ұйымдастырылды

11 Июля 2018 (10:33) | 425 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің бас маманы Қ.Бейсембаевтың мәлімдеуінше, «Облыс бойынша 2018 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін 6 адам суға батқан, оның ішінде - 2 бала. Сонымен қатар Ақтау қаласы бойынша 4 адам суға батқан.

 

 

2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша 19 адам суға батқан, оның ішінде Ақтау қаласы бойынша - 8 адам, Түпқараған ауданы бойынша - 9 адам, Қарақия ауданы бойынша - 2 адам».

 

-Қазіргі таңда Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысының ТЖ Департаменті Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы апта сайын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Теңіз жағалауында демалып жатқан қала тұрғындарына және қонақтарына жадынамалар таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар суға шомылу кезіндегі ережелерді бұзғаны үшін «Әкімшілік құқ бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен» әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілді,- дейді Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының инженері Ордабаева Гүлбарам

 

Оның айтуынша, «Су айдындарында суға батқандардың себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ереже бұзғандар, сонымен қатар балалардың қараусыз қалу себебінен болады.

 

 

-тыйым салынған аймақтарда - 2 адам («Шора» каналы, 4 ш/а)

-жабдықталмаған аймақтарда - 2 адам Голубая бухта», ЖШС «КиСиОЙ»)

2- бала (Кендірлі демалыс базасы, «Достар» жағалауында)»

 

Ақтау қаласының тұрғындарына және қонақтарына демалып жатсаңыздар да, балық аулап отырсаңыздар да, қашан да қауіпсіздік ережелерін есте сақтап жүріңіздер деп ескертеміз:

  1. Тек қана суға шомылу үшін тағайындалған жағажайлар мен орындарды  пайдаланыңыз.
  2. Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар , моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар –бұл өміріңізге қауіпті.
  3. Ата –аналар және балабақша, лагерьлер мекемелерінің жетекшілеріне!  Балардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер.
  4. Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады,- деп ескертеді Маңғыстау тұрғындары мен меймандарын аймақтың төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері.

 

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласының ТЖ Басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему