Маңғыстау облыстық сотында «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды
Курс валют в Актау
на 19/07/2018
 
343.16
346.23
 
399.37
403.46
 
5.36
5.54
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
19 Июля, 20:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды

10 Июля 2018 (22:11) | 266 | Автор: Нурганым Имашева

Облыстық сотта орналасқан фронт-офис және құқықтық қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев бастаған судьялар корпусы, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев, өңірдегі нотариустар, медиаторлар, адвокаттар, кәсіподақтар орталығы мен кәсіпкерлер палатасының, банк пен БАҚ өкілдері қатысты.

 
 
 
Нұрсапа Примашев фронт-офис, құқықтық қызмет көрсету орталығының жұмысын таныстыра келе, аталған орталықтар - азаматтардың сот қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыратынына тоқталды.
 
 
Сондай-ақ, ол сотқа келушілер кәсіпқой медиатордан кеңестер, адвокаттар мен нотариустардан түсіндірулер ала алатынын атап өтті.
 
 
 
 
Бұл орталықтар - дауларды сотқа дейін реттеуді дамытудың, құқықтық ағартудың және азамттардың білікті құқықтық қолдауының маңызды міндеттерін іске асыруға ықпал етеді.
 
 
Фронт-офис, құқықтық қызмет көрсету орталығы – халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып, кеңсе техникасымен жабдықталған кең зал.
 
 
 
 
Кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторларға, адвокатқа және Халыққа қызмет көрсету орталығының маманына арналған арнайы орындармен қамтамасыз етілген.
 
 
Барлық талапқа сай фронт-офис, құқықтық қызмет көрсету орталығында экранда күнделікті сот отырыстарының кестесі көрсетіліп, сотқа келушілерге арналған арыз үлгілері ілініп, жайлы жиһаз, принтер, ауыз су құрылғысы мен газет-журналдар қойылған.
 
 
 
 
Салтанатты шара соңында қатысушылар аталған орталықтың тиімділігін айтып, орталықта медиаторлардың, адвокаттардың және нотариустардың отыруы дауларды сот талқылауына жеткізбей шешуге көмектесетінін айтты.
 
 
 
 
Қайнар: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
 
 
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему