Рамазан – қайырымдылық пен сауаптың айы
Курс валют в Актау
на 18/10/2018
 
362.05
366.39
 
417.01
422.22
 
5.47
5.65
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Октября, 19:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Рамазан – қайырымдылық пен сауаптың айы

12 Июня 2018 (11:22) | 497 | Автор: Нурганым Имашева

Мұсылман  баласы үшін мың айдан да қадірлі – Рамазан айында Ақтау қалалық  Бекет ата мешітінде қайырымдылық шарасы атқарылды.

 

 

Жыл айналып келетін қасиетті айда ауыз бекітіп, нәпсіні тиюмен бірге, сауапты іс жасап, қайырымды болғанның орны бөлек.

 

Осыған орай, Ақтау қалалық Бекет ата мешіті Мұнайлы ауданы, Батыр елді мекені, Тамшалы шағынауданында тұратын Нұрсұлу Жұмашеваға тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарын алып беріп, үлкен көмек жасады.

 

 

Жастайынан денсаулығынан  айырылған  Нұрсұлу Жұмашева тағдырдың жазуымен өмірлік серігінен де ерте айырылады. Бірақ, өзінің жарымжандығына қарамастан, көзінің ағы мен қарасындай ұл-қызын өсіріп - жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді. Тіпті, батырлықпен Батыр ауылынан баспана құрылысын да бастап кетеді.

 

 

Тұрғын үй құрылысын салу әрине, оңай емес. Жақын жандарым мен қайырымды азаматтардың қолдауымен үй құрылысы тоқтаған жоқ. Баспанамның төбесін жабатын 20 бел ағаш пен 4 куб ағашты Ақтау қалалық Бекет ата мешіті алып берді. Алла разы болсын!-дейді Нұрсұлу Жұмашева.

 

Анар Шамшадинова,

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің хатшысы

 

Суреттерді ұсынған Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему