Салауатты өмір салты үшін футбол ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 15/08/2018
 
360
364
 
407.4
412.4
 
5.35
5.52
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
15 Августа, 21:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Салауатты өмір салты үшін футбол ұйымдастырылды

14 Мая 2018 (09:01) | 399 | Автор: Нурганым Имашева

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану –деніміздің сау болуының басты  кепілі. Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай, маңғыстаулық судьялар мен сот қызметкерлері арасында салауатты өмір салты үшін шағын футболдан жарыс өтті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіхабарлады.

 

 

Турнирге облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан 6 команда қатысып, сот жүйесінің ардагер футболшылары қазылық етсе, кәсіби спортшы мамандар төрелік етті.

 

 

Шағын футбол ұжымдық ойын болғандықтан, команда мүшелерінің бір-біріне деген ауызбіршілігі мен түсіністігі аса қажет. Бұл бәсекеде барлық қарсыластарын ұтқан, «Әділет» командасы жеңімпаз атанып, бірінші орынды  иеленді.

 

 

Ал, екінші орынға  «Азаттық» командасы жайғасса, үшінші орынға  «Бейбітшілік» тобы тұрақтады. Сондай-ақ, белсенді ойын көрсеткен команда мүшелері де назардан тыс қалмады. Маңғыстау облыстық сотының маманы  Т.Зәкір «Үздік шабуылшы» атанып, Ақтау қалалық сотының төрағасы М.Кенжалиев  «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

 

 

Спорттық-шара соңында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Рақымжан Бейсенов жүлдегер командаларды құттықтап,  жеңіс  кубогы мен дипломдарды табыс етті.

 

 

Суреттері түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему