Маңғыстау облысы: «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 20/07/2018
 
343.16
346.23
 
399.37
403.46
 
5.36
5.54
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
20 Июля, 06:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы: «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық жаттығуы өтті

16 Апреля 2018 (19:18) | 329 | Автор: Нурганым Имашева

Ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірі «Ақтау» ОСО қалалық өмірді қамтамасыз ету қызметтерінің қатысуымен өрт-тактикалық жаттығу өтті.   

 

 

Жаттығу жоспары бойынша, адамдардың көп шоғырланатын нысанында «Ақтау» сауда орталығы ғимаратының үшінші қабатында орналасқан ойын кешенінде «өрт» орын алды. Нәтижесінде, адам өміріне қауіп төнді, іргелес орналасқан сауда нүктелеріне және ғимараттың шатырына өрттің таралу қаупі туындады.

 

Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаттарының бірі - тек кезекші өрт сөндіру қарауыл жеке құрамының практикалық әрекеттерін тексеру ғана емес, сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлерін өрт орын алған жағдайда дұрыс және уақытылы әрекет етуге үйрету болып табылады.

 

 

Өрт хабарлағыштары, дыбыстық сигналдар іске қосылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткенге дейін жұмысшылар келген қонақтар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастырған. Күштер мен құралдар шақыртудың жоғарыланған нөмірі бойынша жұмылдырылды. 

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшесі санаулы минутта түтінденген аймақта қалып қойған жұмысшыларды қауіпсіз жерге көшірді.

 

 

Автосаты арқылы ғимараттың шатырынан және жоғары қабатынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмыстар пысықталды.

 

Барлығы -500 адам көшіріліп, 2 адам құтқарылды.

 

Шартты өртті сөндіруге - 12 бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылды.

 

Алға қойған тактикалық міндеттерді орындау барысында Ақтау гарнизонының нысан әкімшілігімен, қаланың жедел және коммуналдық қызметтерімен өзара әрекеттері дағдыланды.

 

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері автоматты өрт дабылын, алғашқы өрт сөндіру құралдарын, эвукациялау жолдарын, сонымен қатарсауда орталығының қызметкерлеріне«Сауда орталығындағы өрт қауіпсіздігін», «Өрт кезіндегі іс-әрекет»  тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Бұл туралы біздің басылымғаМаңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Суреттерді түсірген «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему