Маңғыстаулық жас балуандар Бішкектен олжалы оралды
Курс валют в Актау
на 22/04/2018
 
324.17
327.36
 
400.08
404.54
 
5.24
5.44
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Апреля, 15:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас балуандар Бішкектен олжалы оралды

16 Апреля 2018 (19:03) | 135 | Автор: Нурганым Имашева

Қырғызстанның Бішкек қаласында 13-15сәуір аралығында самбо күресінен 2002-2003,2004-2006жылы туылғанжасөспірімдер арасында самбо және дзюдо күресінен спорт шебері Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері Бекболат Рахатбековты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті.

 

 

Аталмыш дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан,Ресей,Қырғызстан және Қырғыз елінің облыс, ауыл-аймақтарынан 20 команда қатысып,700 –ге жуық спортшы өз бақтарын сынады.

 

Қазақстанның Алматы, ШҚО, Жамбыл облыстарынан бөлек, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы мен «Жасбатыр» спорт мектебінен 25 спортшы қатысып,11салмақ дарежесінде белдескен балуандарымыз 2күнге созылған байрақты бәсекеде 2алтын, 4күміс, 5 қола медалді иеленді.

 

Олар: 29келі салмақта Нұралы Саффат(Маңғыстау ауданы),38келіде Еркебұлан Аманқос(«Жасбатыр»спорт мектебінен)алтыннан алқа тақса,32келідегі Нұрсат Қанатбаев(Маңғыстау ауданы),38келі салмақтағы Ернар Нәдірбай(«Жасбатыр» спорт мектебінен),+60келі Мейрамбек Алдаберген(Жасбатыр),52келіде Азамат Ақылбаев(Маңғыстау ауданы)күміс медалдің иесі атанса, 35келідегі Ақниет Қонысбай(Маңғыстау ауданынан)38келі салмақтағы Ердос Бекайдаров (Маңғыстау ауданы)48келідегі Кеңшілік Ізтұрған(Маңғыстау ауданынан), 48келі салмақтағы Диас Өтесов(«Жасбатыр» спорт мектебінен), +60келіде Жолдас Қартбаев(Маңғыстау ауданы) қола медалді қанжығаларына байлады.

 

Сонымен қатар, командалық есепте Маңғыстау облысы 3орынды иеленіп, медаль, кубокпен қоса ұйымдастыру алқасының сыйға тіккен түрлі-түсті теледидарын ұтып алды.

 

Жеңімпаздармен жүлдегерлерді турнирге дайындаған бапкерлер Жанғали Нұрдаулетов пен Нұржан Айдынғалиев жарыс соңында ұймдастыру комитетінің арнайы дайындаған «Үздік төреші» номинациясы бойынша дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

-Жарыс жеңімпаздарымен бапкерлердің атынан осы турнирге қатысуға қолдау көрсеткен «Жасбатыр» спорт мектебі мен Маңғыстау ауданының басшылығына алғыс айтамыз, - дейді балуандар мен жаттықтырушылар.

 

Суреттерді түсірген «Жас батыр» спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему