Ақтауда «Жанұя жарасымы» тақырыбына арналған басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 22/04/2018
 
324.17
327.36
 
400.08
404.54
 
5.24
5.44
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Апреля, 15:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Жанұя жарасымы» тақырыбына арналған басқосу өтті

15 Апреля 2018 (18:58) | 186 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2018 жылды «Ислам және отбасы» жылы деп белгілеген болатын. Осыған орай Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешіті сенбі күні «Жанұя жарасымы» деп аталаған кездесу ұйымдастырды.

 

 

Аталмыш басқосуға ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Сейтбеков Смайыл, Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Еміл Зиядулла, «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің өкілі, облыстық және қалалық мекеме басшылары, ардагерлер мен жастардың және БАҚ-ның өкілдері, Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің алқа мүшесі Әбділов Оңайбек Нұрасылұлы қатысты. Шараны қалалық «Бекет Ата» мешітінің алқа мүшесі Сүгірбай Аят Исатайұлы жүргізіп отырды.

 

Басқосуда бірінші болып сөз алған ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Сейтбеков Смайыл Қажы:

 

-Құрметті жамағат, бүгінгі жиынның негізгі мақсаты өздеріңізге белгілі. Ол қазіргі қоғамның әрбір мүшесін мазалап жүрген отбасы мәселесі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мас мүфтиі биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Себебі отбасы мәселесінде елімізде бас ауыртатын мәселелер бүгінде өте көп. Ол – ажырасу, ол жетім мен жесірдің мәселесі.

 

 

Отбасына қатысты мәселе көп деп қол қусырып отыруға тағы болмайды. Қолымыздан келгенін, шамамыз жеткенін біз атқаруға тиіспіз, ал шамамыз келмейтінін Аллаға тапсырайық. Сөйтіп өзекті мәселенің шешілуіне өз үлесімізді қосайық,- атап өтті.

 

Өкіл имам бүгінгі күнгі қоғамдағы отбасылардың ажырасуы көп белең алғаны, әйелдердің жанұядағы ролі, адамдардың пейілінің өзгергені, исламдағы жетім мен жесірдің мәселесіне бұрыннан бері көңіл бөлінуі туралы айтып өтті.

 

Осыдан кейін сөз кезегі Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Еміл Зиядуллаға берілді. Ол өз сөзінде исламдағы қазақи дәстүрдегі жанұя қағидаттарымен бөлісті.

 

 

-Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – биылғы жылды ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы» деп атауына байланысты және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына аясында, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ата-баба салтын сақтау, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу, үлкендердің өсиеттерін тыңдап, ғибрат алуға ынталандыру, отбасыларының ынтымағын арттыру, шаңырақтың беріктігін сақтауға бағытталған шараны ұйымдастыру. Құдай қаласа, бұл шара жыл бойына жалғасады. Келесі кезекте мұндай жиындар мешіттерде және қоғамдық орындарда өтетін болады.  Әр айда аналарымыздың, жастарымыздың басын қосып, ел болашағы үшін, бірлігімізді нығайту үшін осындай басқосулар болады,- деп мәлімдедібас имам.

 

Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің алқа мүшесі Әбділов Оңайбек Нұрасылұлының айтуынша, «Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл кездесуге негізінен, әйел заты шақырылған, себебі «Әйел – бесікті тербетіп отырып, әлемді тербетеді», деп қазақ бекер айтпайды. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан қиындықтардың бәрі – осы отбасынан басталып жатқаны белгілі, себебі қазақ айтады; «Ұяда не көрсең, ұшқанда – соны ілерсің» дейді. Қазіргі күнде қазақ халқы үшін өте күрделі заман болып отыр, себебі әртүрлі діндердің өкілдері келіп, қазақты бөлшекке-бөлшекке бөліп, жан-жаққа тартуға әрекеттеніп жатқан жайы бар».

 

-Қыз-ұяттан безіп, ұл да бұзылып кетіп жатқан жайы бар. Мүны өздеріңіз де білесіздер. Осыны ойлаған Ақтау қалалық мешітінің басшылығы осыны қалай тоқтатамыз, осылай отыра береміз бе, не істегеніміз дұрыс деп ойланған кезде, бірінші кезекте осы бүгінгі шараға осы әйел затын жинағанын мен өз басым – қажы ретінде де, алқа мүшесі ретінде де құптаймын, -деген пікірін білдірді Оңайбек Нұрасылұлы.

 

Бұдан кейінгі әңгіме, тақырыпқа сай пікір алмасу дастархан басында жалғасты. 

 

-Отбасындағы жанұя жарасымының қалыптасуына ер адаммен қатар әйел адамның да жауапкершілік жүгі ауыр дер едім. Пайғамбарымыздың жары қасиетті Хадиша анамыздың өнегесіне назар аударсақ, қандай қиын заман басынан өтсе де анамыз отбасының ұйытқысы, адал, ақылды жар бола білді, еріне сенімді тірек болды, дінді таратуға мол септігін тигізді.

 

 

Отбасындағы, бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше екені баршаға аян. Ер азамат түздің адамы болғандықтан, әйел ана – отбасындағы ынтымақты сақтау, балаларына өнегелі тәрбие беру, ағайын-туысты біріктіру, ұйытуда ролі зор.

 

Ана үйде жан шуағын шашып, балаларына мейірімін төгіп, тәлімді тәрбиесін беріп отырса, ондай жанұядан шыққан балалар да өз кезегінде жақсы отбасын құратыны, берік шаңырақ иесі болары анық. Осы өтіп жатқан шараның қазақ ұлтымыздың ата-баба салтына сай өнегелі, тәрбиелі, имандылық жолымен өркендеуіне бағытталғаны анық.

 

Бүгінгідей тәлімді кездесулер алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрса игі. Осындай басқосуларға имамдардың өз аузынан уағыздарды көбірек естуі үшін адамдар көбірек қамтылса нұр үстіне нұр болары хақ. Бүгінгідей бізді дидарластырып, тағылымды шараны өткізіп отырған мешіт имамдарына алғысымыз шексіз, - деді сөз ұсынылған кезде үш баланың анасы Гүлнәр Әнесқызы Өтемісова.

 

Қажылыққа осыған дейін 11 рет барып келген Гүлнәр Әнесқызы «ОйлКонтракшнКомпани» мекемесінде қызмет етумен қатар, имандылық жолына бет бұрған. Жүзінен нұры төгіліп тұрған Гүлнәр қажы БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында Алланы таныған соң өзінің діни кітаптарды оқуға деген құлшынысының артқанын, солар арқылы өзін дұрыс ұстай білуге, ғайбат сөйлемеуге, әрбір сөзін ойланып барып айтуға өз-өзін қамшылап отыруға дағдыланғанын атап өтті.

 

Басқосу барысында жиынға қатысқан әйелдерге исламтанушы Сүлейменов Данияр Ерғалиұлының «Әйелдерге арналған 30 хадис» аталған кітабы таратылып берілді.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему