Батыстың Амалы – татулықтың қамалы
Курс валют в Актау
на 22/05/2018
 
326.85
329.93
 
384.23
388.52
 
4.82
4.97
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
22 Мая, 09:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Батыстың Амалы – татулықтың қамалы

12 Марта 2018 (18:50) | 442 | Автор: Нурганым Имашева

Жылдағы дәстүр бойынша Маңғыстау облысының орталығында «Амал» мерекесі қарсаңында волейбол спортының ардагерлері республикалық додада бас қосты. «Амал» мерекесін кеңінен насихаттауға бағытталған дәстүрлі турнир биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

 

 

Биылғы жылғы турнир жылдағыдан ерекше ұйымдастырылды. Біріншіден, турнир жаңа статусқа ие болып, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы» ретінде өткізілді. Турнирдің шығу тарихына терең үңілер болсақ, бірнеше жыл бұрын Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Қуанышбек Әбдірахманның бастамашылдығы, «Алтынқұрық» ЖШС мекемесінің демеушілік етуімен аудандық, облыстық, кейін республикалық деңгейде ұйымдастырылған болатын.

 

Екіншіден, турнирдің мәні сол қалпы қалып, ауқымы кеңіді. Бұл турнир шеңберінде облыстық жастар командаларының арасында арнайы жарыстың қосылуы. Өйткені, өткен жылдардағы турнирлер волейболдағы ардагер спортшылардың ғана арасындағы жарыспен шектелетін.

 

Турнирдің ашылу салтанаты 10-наурыз күні «Ақтау» сауда, ойын-сауық кешенінің спорт залында өтіп, оған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Шара барысында облыс басшысы турнир қатысушыларын «Амал» мерекесімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.

 

 

Сондай-ақ, салтанатты шара кезінде Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Алтынқұрық» ЖШС қаржы директоры Қ.Әбдірахман құттықтау сөз сөйлеп, Маңғыстау облыстық волейбол федерациясы мен волейбол спортының жанкүйерлері атынан облыс әкімі Ералы Лұқпанұлына арнайы волейбол формасын табыс етті. Турнирдің салтанатты ашылу кезеңі «Абай» мәдениет сарайы өнерпаздарының өнерімен жалғасты.

 

Облыс басшысы «Алтынқұрық» командасының қатарында Ақтөбенің «Хромтау» командасымен болған ойында алаңға шықты. «Алтынқұрық» командасы бұл тартыста жеңіске жетіп, сәтті ойын көрсетті.

 

Осылай бастау алып, екі күн бойы өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отпан Тау» тарихи-мәдени кешенінде өтетін «Амал» (Көрісу) мерекесіне орай «Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы» үшін волейболдан ардагерлер арасындағы республикалық және жастар арасындағы облыстық ашық турнирге Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан 20 командада 200 спортшы қатысты қатысты.

 

Турнирдің қорытындысы бойынша ардагерлер арасындағы республикалық жарыста Шымкент қаласының «Шымкент» командасы І орынды иеленді. Тартысты турнирдің ІІ орын жеңімпазы Астана қаласының «Астана» командасы болса, жүлделі ІІІ орын Ақтаудың «Алтынқұрық» командасына бұйырды.

 

 

Жеңімпаз командаларға «Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы», дәрежелі диплом және «Алтынқұрық» ЖШС тарапынан 500 мың, 300 мың және 200 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

 

Сонымен қатар, «Алтынқұрық» командасының спортшылары А.Утебаев «Ең ересек ойыншы» және Д.Ровкин «Үздік шабуылшы», «Астана» командасының мүшесі А.Шалбарбаев «Үздік қорғаушы», «Шымкент» құрамасының мүшелері А.Есалиев «Үздік байланыстырушы» және Қ.Сарбасов «Үздік бұғаттаушы» номинацияларымен марапатталып, номинанттар демеуші тарапынан әрбірі 20 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Турнирдің қорытындысы бойынша жастар арасындағы облыстық жарыста Ақтау қаласының «Алтынқұрық» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Келесі ақтаулық команда «Каспий-2» жүлделі ІІ орынды місе тұтты. Жаңаөзен қаласының «Жаңаөзен» құрамасы ІІІ орынға тұрақтады.

 

Жеңімпаз командаларға «Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы», дәрежелі диплом және «Алтынқұрық» ЖШС тарапынан, сәйкесінше, 200 мың, 150 мың және 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

 

 

Сонымен қатар, «Алтынқұрық» командасының спортшысы Б.Болатбекұлы «Үздік байланыстырушы», «Каспий-2» командасының мүшесі С.Сұпыгалиев «Үздік шабуылшы», «Түпқараған» командасының ойыншысы А.Нұрмағанбетов «Үздік қорғаушы», «Жаңаөзен» құрамасының спортшысы Н.Шүкірбаев «Үздік бұғаттаушы» номинацияларымен марапатталып, аталған номинанттар демеуші тарапынан әрбірі 20 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Жастар арасындағы өткен турнир облыстық құрамалардың сапынан үздіктерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл биылғы жылдың 21-25 қыркүйек аралығында Маңғыстауда өткізілуі жоспарланған халықтық ойындарда облыс атынан қатысатын ойыншылардың құрамын нақтылауға бағытталған облыстық чемпионаттың орнын ауыстырды. Сөйтіп, турнирдің тағы бір жетістігі жас волейболшылардың біліктілігін шыңдау мен талабын арттыруға жаңа серпін берді.

 

Шараның басты мақсаты - халықты көпшілік спортқа тарту арқылы аймақта волейбол ойынын таратуды және дамытуды қолдау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Елбасының халыққа Жолдауындағы «Дені сау ұлт» бағытын қолдау, салауатты өмір салтын және еліміздің басқа да аймақтарына татулық пен мейірімділік, көрісу дәстүрін дәріптейтін «Амал» мерекесін насихаттау.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салауатты өмір салтын насихаттау, халықты жаппай спортқа тарту, спортпен шұғылдануына жағдай жасауды қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары мемлекеттік деңгейде күн тәртібінен түспей келеді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керектігін айтып, межелі міндеттер белгілеп берген еді.

 

 

Аталған бағытта өңірімізде көптеген іс-шаралар атқарылып, келелі істер қолға алынғаны белгілі. Соңғы жылдары Маңғыстау спортының дамуында ерекше қарқын байқалып отыр. Бұл спорт сүйер қауым үшін шын мәнінде қуантатын жағдай.

 

Бүгінде маңғыстаулық спортшылар көптеген әлемдік, халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, еліміздің Туын желбіретіп, Әнұранын шарықтатып, Қазақстан жұртшылығын қуантып жүргенін де айта кету керек.

 

Өңірімізде қазіргі таңда волейбол спортының еңсесі тік. Республикалық, халықаралық додаларда қанжығасын майлап қайтып жүр. Деңгей өзгерді. Алдағы міндет – өскелең ұрпақты кешенді түрде жаппай осы спорт түрімен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын ұстануына бейімдеу. Өзіңіз білетіндей, спортта жетістікке жету үшін алдымен тыңғылықты даярлықтың, спортшының жарысқа сақадай сай болуы, басындағы бақтан көрі бойындағы баптың басым тұруы құрметтеледі.

 

-Маңғыстау облысында волейбол спортын дамыту бағытында жергілікті спорт орталықтарының спортшыларын жыл сайын баптап отыруға арналған түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып отырады.

 

Солардың бірі, бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп, өткен жылдан бастап республикалық деңгейде ұйымдастырылып келген «Алтынқұрық» ЖШС Кубогы» үшін турнир болатын.

 

 

Биыл турнир «Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы» деңгейіне ауысып, ауқымы мен салмағы арта түсті. Командалар наурызда өтетін осы турнирді асыға күтіп, сұрастыра жүретін болды. Бұл ерекше атап өтетін жағдай және турнирдің спортшылар үшін маңыздылығын көрсетеді, - дейді, «Маңғыстау облыстық волейбол Федерациясы» ҚБ төрағасы В.Мастихин.

 

-Мұнымен қоса, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының түп-негізіне үңілер болсақ, бір-бірімізге деген жанашырлық пен әрбіріміздің айнала ауыл-аймағымызға деген сүйіспеншілік көзқарасының басым болуын қуаттауға үндейді.

 

Тарихи дерегіміз бен рухани болмысымызды ұмытпау, дәстүрдің озығын жаңғырту да осы бағдарламаның негізгі принципі болып саналады.

 

Сондықтан, «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып...» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы, күллі түркі жұрты көктемнің келісімен әз-Наурызды асыға күтсе, еліміздің батыс өңірінде 14-наурыз – Амал (Көрісу) мерекесін ерекше ықыласпен қарсы алатын жұртшылыққа ыстық мейрамды кеңінен насихаттауды мақсат еттік.

 

Сол үшін де Амал мерекесіне орайластырылған шарамызды «Батыстың Амалы – татулықтың қамалы» тақырыбымен таңбаладық. Бұл еліміздің батыс аймағында ерекше қадірленетін дәстүріміздің бүкіл Қазақстан жұртшылығына жат емес екендігін насихаттау, татулық мейрамының басым тұсын көрсету мағынасында алынған болатын», - деді, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Алтынқұрық» ЖШС қаржы директоры Қуанышбек Әбдірахман.

 

Суреттерді түсірген Батыр Жайлау

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему