Қазақ тілін ана тіліме балаймын
Курс валют в Актау
на 22/05/2018
 
326.85
329.93
 
384.23
388.52
 
4.82
4.97
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
22 Мая, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақ тілін ана тіліме балаймын

12 Марта 2018 (11:31) | 396 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты.  Қазақстанда бір шаңырақ астында бір-бірімен тату-тәтті бірлік пен ынтымақтастықта түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде.  Қазірде қазақ тілін ана тілім деп таныған өзге ұлт өкілдері көптеп саналады. Елімізде қазақ тілінде сайрайтын  өзге ұлтты жастарымыздың мемлекеттік тілге деген құрметін жиі көреміз. Бұл еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі үлкен жетістіктерінің бірі . Солардың қатарында Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы  Исмаилов Гульахмед Расул оглы да бар. Ол 1990 жылы 6-шы қаңтарда Маңғыстау облысы Шевченко қаласында дүниеге келген. Әкесі  Исмайлов Расул  мен анасы - Исмаилова Хайса Гасан қызы  Әзірбайжан  елінің тумасы.

 

 

Гульахмед 1997 жылы  Ақтау қаласындағы №6 мектепке бірінші сыныпқа қабылданып,  2006 жылы мектепті бітіріп шығады. Кішкентай кезінен қазақ балаларымен ойнаған Гүлаьахмед  қазақша еркін сөйлей бастайды. Мектеп қабырғасында-ақ қазақ тілге деген құштарлығы оянып, қазақ тілінен өткен мектепшілік, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі  2-орынды иеленеді. Оқушы кезден бастап-ақ оның қазақ тілін жетік меңгеруге  деген құштарлығы оянды.  Қазақтың классиктерінің шығармаларын алып оқи бастады.

 

Жас жігіт мектеп бітірген соң Ақтау қаласындағы медициналық колледжге түсіп, 2009 жылы тіс дәрігері мамандығын алып шығады. Алайда оған полиция қызметкері болсам деген бала күнгі арманы маза бермейді. Осылайша, бала арманын іске асыру мақсатында  2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік университетінің Технология және Инжинеринг  бөліміне оқуға тапсырып, 2013 жылы заңгер мамандығын алып шығады.

 

2013 жылдың қыркүйек айынан  бастап ішкі істер органдарына қызметке қабылданып, Ақтау қаласындағы Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі  болып жұмысын бастайды. Осы жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы оқу  орталығының тыңдаушысы ретінде оқуын тәмамдайды.2016 жылғы 8 шілдеден бастап қазіргі кезге дейін Ақтау қаласы Жергілікті полиция қызметінің  учаскелік полиция инспекциясы бөлімшесінің учаскелік инспекторы  қызметін абыроймен атқарып келеді.

 

Қазақ жерінде дүниеге келген  Гульахмедтің  бойынан  қазаққа тән қасиеттердің  көбін көруге болады. Ұлты  әзірбайжан болғанмен, қазақ,  орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Отбасында  қазақтың ұлттық тағамдарына  ерекше  көңіл бөледі. Оның ең жақсы көретін ұлттық тағамдары - қазақтың еті мен қымызы.

 

 -  Қазақстаннан басқа елде өмір сүруді елестете алмаймын, өйткені ол менің туған жерім,-дейді Гүлахмед тебіреніспен.

 

Гульахмед қазақ әдебиетінен Абайдың қара сөздерін жаттап, ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқиды. «Абай атамыздың  қара сөздерінің өмір сүруге қажетті тағылым-тәрбие аламын»,- дейді  тәртіп сақшысы.

 

 

Сонымен қатар полиия қызметкері Ішкі істер органдарындағы  мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы түрлі шараларға да белсенді қатысып келеді.

 

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  бастамасымен ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, полицейлерді отансүйгіштік рухқа  тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында  өткізілетін  республикалық  «Парасатты полицей» байқауына қатысып, Гүльахмед қатысқан топ тек жүлделі орындар  қатарынан  көрініп  келеді.  Аталған  шараларда ол тез сөз таба алатын тапқырлығымен, қазақша өлеңді нақышына келтіре  оқу шеберлігімен өзін көрсете білді.

 

Гүлахьмед  Департамент аясында өтетін іс-шараларға, атап айтқанда  «Наурыз мейрамы»,  «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні»  сынды   мерекелік  шараларға белсене қатысады. Ол қазақтың және әзірбайжан халқының ұлттық билерін де әдемі орындайды.

 

«Қазақ тілін жетік білуімнің қызмет бабында да пайдасы зор»,- дейді ол. «Өйткені  учаскелік полиция инспекторы болғаннан кейін жұмысымды адал атқаруға тырысамын, тұрғындармен жиі кездесу өткіземін, қай тілде сұраса, сол тілде жауап беремін. Олармен шынайы қарым-қатынас орнату әрекетім   халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді».

 

 

Қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, маңызы мен мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру мен оны кеңінен насихаттау жолындағы еңбегі бағаланып, Ішкі істер департаментінің ұсынысымен 2016 жылғы 15 қыркүйектегі ІІМ-нің бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың атынан «Алғыс хат» алу мәртебесіне ие болды.

 

Полицейлік қызметтестері, достары  Гүльахмедті ерекше құрмет тұтады, әсіресе оның еңбекқорлығын жоғары бағалайды.

 

Мемлекеттік тілді білуді өзінің азаматтық парызы санайтын  Гүльахмед секілді жастарымыз көп болса, қазақ тілінің тұғыры биіктеп, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.

 

Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему