Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 25/05/2018
 
325.13
328.23
 
380.72
384.76
 
5.21
5.37
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
25 Мая, 19:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды

13 Февраля 2018 (21:45) | 505 | Автор: Нурганым Имашева

Азаматтық қорғау мұражайында № 17 балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Экскурсия басталар алдында кәсіби даярлау мектебінің аға оқытушы азаматтық қорғау подполковнигі Жанна Тагисовна Нурбергенова балаларға өртке қарсы қауіпсздік ережелері жайында айтып өтіп, мұражай залына апарып, ондағы экспонаттармен таныстырып өтті.

 

 

Өрт сөндіру бөліміне түспес бұрын, өрт сөндірушілер балалармен өрт сөндіру бөлімінде жүру тәртібі туралы айтып кетті. Балалар өрт сөндірушілерге қызығушылықпен қарады, сол тұрғыда олар жас кезінен-ақ өрт сөндірушілердің күн сайын адамдарды өрттен құтқара отырып, маңызды міндет атқаратындығын біледі.

 

Ұлдар мен қыздар өрт сөндірушілердің қызметін, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін және ол нәрсенің не үшін қажеттігін біліп алды. Тұрақтың ішінде балалар жақыннан өрт сөндіру автокөліктерін көруге ұмтылды. Өрт сөндірушілер балаларға өрттерді сөндіру әдістерін, өрттерді жою үшін пайдаланылатын өрт сөндіру құралдарын, авариялық-құтқару жұмыстарын жасау құрал-саймандарын, кішігірім жану жағдайларын қандай қолдағы бар құралдармен қалай сөндіру керектігін, сондай-ақ өрт туралы шақырту қайда түсетіндігін көрсетті.

 

 

Өрт сөндіру бөліміне бару балғындар үшін  танымдық серуен  күйінде болды, шара бүлдіршіндерге үлкен әсер сыйлады және есте қаларлық жағдайға ұласты.

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Суреттерді түсірген «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему