Дайындықтарын пысықтады
Курс валют в Актау
на 21/08/2018
 
316.53
320.13
 
361.78
366.01
 
4.67
4.77
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
21 Августа, 07:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дайындықтарын пысықтады

13 Февраля 2018 (21:41) | 583 | Автор: Нурганым Имашева

«Азаматтық қорғаныс күніне» арналған шаралар аясында  Жаңаөзен қаласы «Зиба» ойын-сауық-сауда орталығында өрт-тактикалық жаттығуы өтті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

 

Жаттығу жоспарына сәйкес, шартты өрт «Зиба» сауда орталығының 2 қабатында орналасқан кинозалда электр сымдарының қысқаша тұйықталуы нәтижесінде орын алды, бұл жоғары қабырға жабындарының конструктивті элементтерінің жануына әкеліп соғып, әрі қарай кинозал конструкциясының жануына ұласты.

 

 

- Жаттығу мақсаты - адамдардың көп шоғырланатын нысандарында өрттерді сөндіру тактикасын дағдылау, нысан әкімшілігімен өзара әрекет, өрттің таралуына жол бермеу үшін өрттерді тез арада жою әрекеті, жедел өрт сөндіру штабын құру бойынша міндеттерді орындау және өрттерді сөндіру бөлімдерін құру, сауда орталығының қызметкерлерін өрт туындаған кезде және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруде орындалатын әрекеттері бойынша жаттықтыру болып табылады. Мұндай шаралар Маңғыстау облысы аумағындағы нысандарда ұдайы түрде өткізілетінін айта кеткен жөн, -дейді Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

 

 

Өрт-тактикалық жаттығуын өткізу барысында «Зиба» ОСО қызметкерлерінің туындаған өртті уақытылы анықтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрттерді сөндіру, өрт сөндіру қызметіне өрт туралы хабарлау, электрэнергиясын сөндіру бойынша шара қолдану және келіп жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыру бойынша практикалық іс-қимылдарын өңдеу міндеттері орындалды.

 

 

Жаттығуға жұмылдырылған гарнизон бөлімшелерінің жеке құрамымен және «Зиба» ОСО әкімшілігімен өзара әрекет бойынша, зардап шегушілер болуы мүмкін жағдайда оларды құтқару, материалдық құндылықтар мен мүліктерді қауіпсіз жерге көшіру бойынша шаралар дағдыланды. Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен күштер мен құралдарды шұғыл жөнелтуді өткізу, өрт орнында барлау жұмыстарын жасау, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс, өрт сөндіру техникаларын су көздеріне орнату мен өрт сөндіруде өрт сөндіргіш заттарды беру, өрт сөндіруде негізгі әрекеттерді жүргізуде техника қауіпсіздігі ережелерін орындау және қатаң сақтау бойынша жалпылай әрекеттер орындалды.

 

 

Өрт-тактикалық жаттығу өткізу үшін 13-МӨСБ, 10-ӨСБ, 12-ӨСБ,  14-ӨСБ, сондай-ақ өзара әрекет қызметтері жұмылдырылды. Барлығы 7 бірлік техника қолданылып, жеке құрамнан 35 адам қатысты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему