Маңғыстауда Соттар әкімшісінің басшысы тағайындалды
Курс валют в Актау
на 25/05/2018
 
325.13
328.23
 
380.72
384.76
 
5.21
5.37
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
25 Мая, 19:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Соттар әкімшісінің басшысы тағайындалды

13 Февраля 2018 (21:34) | 968 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаев Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Хыдыр Жарлықасынұлы Бегалиевты ұжымға таныстырды. Жиынға облыстық сот пен қала маңындағы соттардың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

 

 

Хыдыр Жарлықасынұлы Бегалиев 1958 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану»,  Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Алғашқы еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл облысы, Шу аудандық халық сотында сот отырысының хатшысы болып бастаған.

 

Ол бірнеше жыл бойы судья, сот төрағасы, Жамбыл облысы бойынша соттар әкімшісінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратында бөлім басшысы, аппарат басшысының орынбасары қызметтерін абыройлы атқарып, мол тәжірибе жинаған.

 

Жаңа басшының қызметі мен тәжірибесі туралы көпшілікке таныстыра келе:

-Қырық жылдан аса еңбек өтілі бар Хыдыр Бегалиев сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығына, ақпараттық технологиялар мен талаптар сұранысына сай өз қызметін мінсіз атқарады деп сенім білдіремін.

 

Қолға алған кезекті лауазымына сәттілік пен абырой тілеймін, - деді Ержан Қарабаев.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему