Соттан тыс жанжалды шешу
Курс валют в Актау
на 24/10/2018
 
360.95
365.04
 
414.04
419.07
 
5.49
5.66
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Октября, 08:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттан тыс жанжалды шешу

13 Февраля 2018 (18:23) | 562 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті.

 

 

Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға - қан, талион қағидасы) Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарған. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдағаны тарих парақтарында жазылған еді. Әдетте, мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

 

2007 жылы 31 қазанда құқықтық саясат Кеңесінің мәжілісінде азаматтық іс жүргізу процессінде бітімгершілік шаралары институтын енгізу және сот отырысынан тыс дауларды медиатордың қатысуымен қарау тәртібіне заңдар қабылдау қажеттілігі айқындалды. Ал, 2011 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламенті азаматтық және қылмыстық істер процессінде дауларды жан-жақты шешу үшін «Медиация туралы» заң қабылдады, оған Қазақстан Республикасы Президенті 28 қаңтар 2011 жылы қол қойды.

 

Қазіргі таңда бұл жүйе «медиация» деп танылған, яғни Сотта жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 48-бабы бірінші бөлігіне сәйкес тараптарға дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен істі аяқтау құқығы түсіндіріледі.

 

Бұл дегеніміз: Келіссөздер процесін жүргізу үшін жағдай жасау арқылы, дауды қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың қатысумен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдету және тараптарға пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымын жазбаша білдіру және келіскен жағдайды 5 (бес) күн ішінде тараптардың медиатормен, жасасқан медиация жүргізу туралы жазбаша келісімін сотқа жолдау ұсынылады деп қысқаша мәлімдесек те болады.

 

Көрсетілген мерзімде тараптар медиаторлармен медиация жүргізу туралы келісім жасауға немесе сотқа медиацияны судьямен жүргізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Осының бастапқы санаты заңға қайшы келмейтіндей етіп сотқа келген тұлға немесе тараптарды сот отырысының хатшылары да осы жобаға атсалысып, екі жақты  келісімге келтіріп, халыққа септігін тигізіп тұруға болады.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының-бас маманы Нұрсұлтан Омарғалиұлы Текеев

 

Суреттер advokatura.kz  сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему