Құтқарушылап «Ренессанс» қонақ үй кешенінде өрт-тактикалық жаттығуын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 19/02/2018
 
317.77
321.23
 
395.05
399.49
 
5.57
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
19 Февраля, 17:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылап «Ренессанс» қонақ үй кешенінде өрт-тактикалық жаттығуын ұйымдастырды

8 Февраля 2018 (19:43) | 349 | Автор: Нурганым Имашева

Адамдардың көп шоғырланатын нысандарында өрт сөндіру тактикасы мен құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда барлық мәселелер бойынша басшы және қатардағы құраммен практикалық дағдылау мақсатында, «Ренессанс» көп қабатты қонақ үй кешенінде өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.

 

 

«Ренессанс» қонақ үйі Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан Ақтау қаласындағы халықаралық деңгейдегі алғашқы қонақ үй болып табылады.

 

Жаттығудың тактикалық жоспары бойынша, шартты өрт жетінші қабаттағы механикалық бөлмеде орын алды. Қонақ үй қызметкері қауіпсіз жерге көшіруді жүргізген, алайда бірнеше адамдар өрттен шығу кезінде және қатты түтіндену әсерінен ғимарат ішінде қалып қойған. Осыған байланысты, гарнизонда шақыртудың жоғары нөмірі белгіленді.

 

 

Шартты өртті сөндіруде қалалық гарнизонның өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан 90 адам қатысып, негізгі және арнайы өрт сөндіру автотехникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ жаттығуға Маңғыстау облысы ІІД жол полициясы, жедел тергеу тобының қызметкерлері, Медицина және апат орталығының жедел медициналық көмек тобы, газ қызметі қатысты.

 

Қатты түтін әсерінен адамдар балконда өрт жолында және саты торларындағы қатты түтінденуге байланысты қалып қойды. Оларды құтқарушылар автосатымен және автокөтергіштің көмегімен қауіпсіз жерге көшіруге бел буды.

 

 

Шартты өртті сөндіру барысында 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының, басшылықтың, «Ренессанс» қонақ үй кешенінің қызмет көрсетуші тұлғаларының, сонымен қатар қаланың авариялық тобы мен арнайы қызметтерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында, өрт-тактикалық жаттығудың мақсатына қол жеткізілді.

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Суреттерді түсірген:  «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему