Жыл басы қайырымдылық шараларымен басталды
Курс валют в Актау
на 21/02/2018
 
318.1
321.41
 
392.61
396.82
 
5.57
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
21 Февраля, 23:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жыл басы қайырымдылық шараларымен басталды

31 Января 2018 (09:40) | 347 | Автор: Нурганым Имашева

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей  сауапты іске ат салысу,  шама-шарқы жеткенше көмек қолын созып,  жүрек жылуын ұсыну кез келген адамның азаматтық парызы деп білетін облыстық соттың судьялары мен кеңсе қызметкерлері іс-шараға бір ауыздан ат салысты.

 

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімнің салтанат құруын жүзеге асыру мәселесіне баса мән берген болатын. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - деген еді Елбасы.

 

 

Әрбір баланың білім алуын қамтамасыз ету қоғамның жалпы ортақ міндеті. Осы орайда  Маңғыстау облыстық сотының ұжымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Атадан мирас» қоғамдық қорына тіркелген аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек қолын созды. Облыстық, қалалық соттардың судьялары мен сот қызметкерлері қала ішіндегі 5 және одан да көп балалы отбасыларға арнайы барып, азық-түлік пен мектеп жасындағы балалардың білім алуына көмек көрсету мақсатында оқу құрал-жабдықтарын таратты. Сондай-ақ, қыруар қаражатқа тірелген мына заманда баласына сырт киім алып беруге қиналып отырған аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жағдайы ескеріліп, мектеп жасындағы балаларға сырт киімдер әперілді.

 

 

Облыстық соттан бастау алған қайырымдылық акциясы  өңірдегі барлық соттарда жалғасын тауып, сот корпусы алыс-жақын ауыл-аудандардағы көп балалы  отбасыларға қуаныш сыйлады.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему