Автокөліктердің қауіпсіздігі тексерілді
Курс валют в Актау
на 25/06/2018
 
339.12
342.6
 
393.52
397.77
 
5.27
5.42
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Июня, 16:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Автокөліктердің қауіпсіздігі тексерілді

10 Января 2018 (18:00) | 674 | Автор: Нурганым Имашева

Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Қарақия ауданының Жетібай және Құрық ауылдарында «Қауіпсіз транспорт» атты акциясы өткізілді.

 

 

Акцияны өткізу барасында №2 өрт сөндіру бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы және аудандық Жергілікті полиция қызметкерлерімен күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

Шараны өткізу кезінде автокөліктің байқаудан өткізілгендігі, алғашқы өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталғандығы, апат болған жағдайда қолданылатын медициналық қорапшаларының қамтылуы тексеріліп, автокөлік қауіпсіздігіне байланысты жадынамалар таратылды. Өрт қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілмеген автокөлік иелеріне ескертулер жасалды.

 

Егер өрт болғанда немесе төтенше жағдай орын алған кезде «101», «112» телефондары арқылы көмек шақыру және т.б жөнінде кеңінен түсіндірілді.

 

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, LED-экраннан және Халыққа Қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) орналасқан бейнелік көрсетілімге «Улағыш газ», «Қар және мұздағы қауіпсіздік», «Табиғи өрт», «Алғашқы жәрдем көрсету ережелері», «Автокөлік қауіпсіздігі» және т.б тақырыптарда видеороликтердің бейнеэкраннан күнделікті көрсетілімі ұйымдастырылғанын сонымен қатар жергілікті басылым «Қарақия» газетінде өрт қауіпсіздігі жөнінде жарияланған мақалалар арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатырғандығын қаперіңізге береді.

 

 

Қарақия ауданы Төтенше

жағдайлар бөлімі бастығының у.м.а.

азаматтық қорғау аға лейтенанты Данияр Елшібаев

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему