Мерекелік көңіл-күй сыйлады
Курс валют в Актау
на 20/10/2018
 
364.08
367.95
 
417.43
422.23
 
5.49
5.64
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Октября, 01:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мерекелік көңіл-күй сыйлады

28 Декабря 2017 (12:46) | 1090 | Автор: Нурганым Имашева

«Өркениетті келешек» Қоғамдық қоры 2017 жылдың 26 желтоқсаны күні «Бақсарай» мейрамханасында «Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының қолдауымен ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының» жобасының аясында жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.

 

 

Мерекелік кешке мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар және жалғызбасты қариялар, сонымен қатар Ақтау қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің меңгерушісі мен әлеуметтік қызметкерлері, олар қызмет көрсететін қариялар мен мүгедек жандар, балалар қатысты.

 

Кешті «Өркениетті келешек» Қоғамдық қорына» демеушілік танытып, тағдыр тәлкегімен мүгедектер қатарына қосылған жандарға қайырымдылық көмек көрсетуді өзіне міндет санаған асабалық қызмет атқарушы азамат Рүстем Таңатаров ақысыз жүргізіп, Аяз Атаның ролін ойнап, мерекеге келген үлкен-кішілердің көңілін көтерді.

 

 

«Өркениетті келешек» Қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина:

- Салтанатты жиынға 70 адам қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балғындар кеште ән салып, үлкендер жағы баянда ойнап, мерекелік кештің көркін қыздырды.

 

 

«Бұрын бізге мынадай мерекені ешкім өткізбеп еді»,-деген кеш қонақтары кештің көңілді болғанына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Қамкөңілді қариялар мен қоғам назарынан тыс қалған мүмкіндігі шектеулі балақайлардың қуанғанын көріп, алғыстарын естіп, еңбегіміздің зая кетпегеніне ұйымдастырушы ретінде өзіміз де бір марқайып қалдық.

 

Бізге демеушілік көмек көрсеткені үшін кештің жүргізушісі болған Рүстем Таңатаровқа және «Бақсарай» мейрамханасының әкімшілігі мен қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, - дейді.

 

 

Сонымен қатар, «Өркениетті келешек» Қоғамдық қоры саны 40 шақты балабақша мен мектептерге бара алмайтын ерекше балақайларға тосын сый жасап, үйлеріне Аяз Ата жіберіп, сыйлықтар таратты және 20-дан астам балаға жаңа жылдық ертеңгілікке қатысуға билет сатып алып берді.

 

Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған осындай ізігілік шаралар қамкөңіл жандардың көңілін көтеріп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлары, сырқатының салдарынан көпшілікке қосыла алмай оқшауланып қалған балалар мен ересектерге өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінетіндей күш берері сөзсіз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему