Балаларға арналған қайырымдылық кеші өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2018
 
324.51
327.67
 
398.52
378.93
 
5.23
5.41
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
24 Апреля, 05:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаларға арналған қайырымдылық кеші өтті

26 Декабря 2017 (20:01) | 929 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының «НұрПлаза» мейрамханасында 25 желтоқсанда балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа – 2018 жыл» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

 

 

Салтанатты шараға шақырылған балақайларды Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген құттықтап, ізгі тілектерін айтып, мерекені ашып берді. Сонымен қатар «НұрПлаза» мейрамханасының өкілі Дүйсенбаева Венера ханым да балғындарға өз құттықтауларын арнады.

 

Кештің ұйымдастырушысы Маңғыстау облыстық «Қамқор-Ақтау» Қоғамдық Қорының жетекшісі Кенжегүл Тайғара:

-Бұл жаңа жылдық кешті ұйымдастырудағы мақсат – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Тағдыр тәлкегімен сырқатқа ұшыраған сәбилердің жан азабын азайтып, көңілдерін көтеріп, бір сәтке болса да дерті туралы ұмытып, қамқорлықты сезінулеріне көмектесу.

 

 

Бұл кешке ДЦП, эпилепсия сияқты әртүрлі дерттің салдарынан сырқаттанып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қатарына енген кейбір балалар да арнайы шақыртумен келген. Олардың арасында кәсіпкерлердің қолдауымен Жаңаөзен қаласынан келген балақайлар да болды.

 

Осы шарада эпилепсия сырқатына шалдыққан Тұрсынбаев Ерболат Берікұлы атты балақайдың емделуіне қажетті қаржыны көп болып жинап беріп, көмек ретінде ұсыну үшін қамқорлық акциясы ұйымдастырылды.

 

 

Кешке сонымен қатар, Маңғыстау жастары, жергілікті жас кәсіпкерлер қатысып, сырқат сәбиге қаржылай көмек қолын созды.Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау орталығы да өз тарапынан жәрдем етті.

 

 

Сөйтіп, қайырымдылық шараның соңында Ерболат атты балақайдың анасына кеш барысында жинақталған 500 000 теңге көлеміндегі материалдық көмек табыс етілді.

 

 

Бүлдіршіннің емі сәтті болып, сауығып кетуіне баршамыз да тілекшіміз. Жақында ғана ота жасалған бұл балаға алдағы уақытта біраз емделу үшін көп қаражаттың қажет екенін түсініп, жәрдем беріп, қолдау көрсеткен барлық ағайынға алғысымыз шексіз,- деді.

 

 

Суреттерді ұсынған: Кенжегүл Тайғара

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему