Алтын жүректі азамат
Курс валют в Актау
на 20/10/2018
 
364.08
367.95
 
417.43
422.23
 
5.49
5.64
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Октября, 01:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алтын жүректі азамат

25 Декабря 2017 (23:00) | 1239 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 24 қазандаЖаңаөзен қаласы ІІБ және Жергілікті Полиция Қызметінің жеке құрамы бір ауыздан «Жыл адамы-2017», «Алтын жүрек» байқауына қатысуына Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Шуренов Нуржан Ибраимовичті ұсынған болатын.

 

 

Жаңаөзен қаласы ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Касанов Н.Шуреновтың қызметтік мінездемесін жеке құрамға оқып таныстырды. Онда офицерге мынадай мінездеме берілген:

 

«Шуренов Нуржан Ибраимович 1988 жылы туылған, жоғарыбілімді, 2009 жылы ҚР ІІМ-нің Академиясын бітірген. ІІО-да 2005 жылы қыркүйек айынан бастап қызмет атқарады, ал 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі лауазымында қызмет атқарады.

 

Атап айтқанда: 01.09.2005ж -16.02.2009 жылдары ҚР ІІМ Алматы жоғары курсанты, 20.02.2009-04.12.2014жж. Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің тергеушісі, 04.12.2014 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі қызметінде.

 

Осы мерзім ішінде ол өзқызмет міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, жақсы жағынан көрсете білді. Басшылар тарапынан өзіне тапсырылған жұмыстарды тиянақты, уақытында орындай білді.

 

 

ІІБ бойынша түскен арыз-шағымдар бойынша уақытында шешім қабылдап, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында және орын алған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу жолымен ашуға ат салысып жұмыстар атқарады.

 

Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісінің жұмыс жоспарын қызметтік міндеттерін ұйымдастырады. 2017 жылдың 11 айында бірнеше әр түрлі ауыр және аса ауыр қылмыстарды айыптау қорытындысымен сотқа жолдады.

 

Алдын ала тергеу жүргізу барысында қылмыстық істерді ҚР-ның ҚК-нің және ҚПК-нің талаптарына сай жүргізеді.

 

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқықтық тәртіптің алдын алу, басқарма ішінде өтетін спорттық және мәдени шараларға белсене қатысады

 

 

ІІД-нің қызметтерімен, ҚР ІІМ-нің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар, арнайы іс-шаралар жоспарын орындайды.

 

Полиция майоры Н.Шуренов Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық- нормативтік актілердің негізі, ҚР Конституциясы, ҚР қылмыстық және әкімшілік заңдары, ҚР Президентінің жолдауы, Ішкі істер органдары туралы заңы, 29 желтоқсан айы 2015 жылғы ҚР Президентінің № 153 Жарлығының талаптарын Әдеп кодексін толықтай меңгерген.

 

Өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға тырысады, жұмыс уақытын тиімді пайдалана біледі. Қызметтік және жауынгерлік даярлық сабағына үнемі қатысады. Ұжымның қоғамдық өмірі мен жұмыстарына, спорттық жарыстарға белсене араласады, өз атына айтылған сынды дұрыс түсініп, одан тиісті қорытынды жасауға тырысады, айтылған кемшіліктерді уақытында орындайды. Саптық тәртібі бойынша тартымды, нысандық киім үлгісін бұзбайды. Заң бұзушылыққа жол бермейді.

 

Жеке құрам арасында сыйлы, жанұялы, 2 бала тәрбиелеп отырған тәртіпті, үлгілі қызметкер.

 

Қызметте қол жеткізген жетістіктері және спорт саласында жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ, Маңғыстау облысы ІІД және ҚІІБ басшылығымен марапатталған. 

 

Осы аталған қызмет атқару кезінде ол өзін тек жақсы жағынан көрсете білді, заң талаптарын бұзбайтын, өзіне тапсырылған қызметті сапалы және сауатты орындайтын қызметкер. Ол Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін бұйрықтар мен нұсқауларды жақсы біледі және оларды орнымен дұрыс қолдана біледі».

 

 

Жиналыс соңында, офицерлер және полицейлер құрамы ашық түрде бірауыздан «Жыл адамы-2017», «Алтын жүрек» байқауына қатысуына, Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеуші полиция майоры Шуренов Нуржан Ибраимовичті қолдаған еді.

 

Жуырда аға тергеуші полиция майоры Шуренов Н.И. «Жыл адамы-2017»атағын иеленді.

 

ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі  Бөкен Жұмағали:

 

-Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеуші полиция майоры Шуренов Нуржан Ибраимович - мінезі өте ұстамды, жеке құрам арасында беделді, әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста. Өзінің қызметтік міндеттері мен жауапкершілігі және адалдығы үшін бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы ІІМ, Маңғыстау облысы ІІД-нің және Жаңаөзен қаласы ІІБ басшыларымен марапаттарымен марапатталған. Тәртіптік жазалары жоқ.

 

Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның бастығымен, Маңғыстау ОІІД-нің бастығымен, ҚР-ның ІІМ-мен бірнеше рет алғыс хатпен, грамотамен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 10 жыл мінсіз қызметі үшін медалімен марапатталған. Жаңаөзен қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауда, орын алған ауыр және аса ауыр қылмыстарды тез арада ашуда және оларды жан-жақты тергеп сотқа жолдаудағы жұмысының үздігі болған.

 

Осы жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, Жаңаөзен қаласы ІІБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Шуренов Нуржан Ибраимовичті «Жыл адамы-2017», «Алтын жүрек» атағы байкауына ұсынылып, облыс әкімшілігімен  марапатталды.

 

Осындай үлгілі, қайсар азаматымыздың өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз,-дейді полковник мырза.

 

Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің маманы Шолпан Юлдашева

 

Суреттерді түсірген: Серік Майемеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему