Денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 24/01/2018
 
320.39
323.8
 
394.35
398.65
 
5.61
5.78
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Января, 14:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен басқосу өтті

25 Декабря 2017 (20:20) | 698 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы, 23 ш/а Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында 2017 жылдың 21 желтоқсан күніАқтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен және өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында, және 2017 жылдың ерекше тәртіп бойынша тексеріс нәтижесін қортындылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

 

 

Жиынға 20 шақты денсаулық сақтау Министрлігіне қарасты мекемелердің бірінші басшылары, өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалары қатысты.

 

Дөңгелек үстел Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Искаковтың төрағалығымен жүргізілді. Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Тенелхан денсаулық сақтау мекемелерінде 2017 жылы ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы баяндама оқыды. Жиын барысында шешімі қиын сұрақтар қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

 

 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы подполковник Б.Абдикадыров жиынға қатысушыларға Азаматтық қорғаныс саласында бірнеше сұрақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде:

 

Азаматтық қорғаныс саласында бақылау жасаудың негізгі принціптері;

 

Жиынға қатысушыларға ҚР «Азаматтық қорғау» Заңы негізінде азаматтық қорғаныс саласы бойынша олардың құқықтары мен міндеттірі;

 

Азаматтық қорғаныс саласында бекітілген ережелер мен заңдардың қатаң түрде орындалуын бақылау туралы;

 

2018 жылға жоспарланып отырған денсаулық сақтау нысандарында жүргізілетін тексеріс туралы;

 

Сұрақтарды талқылау барысында «Нейрон» ЖШС, «Ча-Кур» ЖШС және «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ЖШС мекемелерінің басшылары белсенді қатысып, талқыланған сұрақтардың маңыздылығын қолдады. Жиын соңында қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

 

Бұл туралы Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

 

 

Суреттерді ұсынған: Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему