Маңғыстауда 3 500 науқас онкологиялық есепте тұр
Курс валют в Актау
на 13/12/2017
 
332.82
336.55
 
391.76
396.58
 
5.58
5.75
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
13 Декабря, 02:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 3 500 науқас онкологиялық есепте тұр

5 Декабря 2017 (13:04) | 488 | Автор: Нурганым Имашева

Биылғы жылдың қараша айының ортасында дейін 720 науқас алғаш рет онкологиялық тіркеуге алынған. Бұл облыс халқының 100 мың адамға шаққанда 133,1 промиллені құрады. Бұл жайында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Нұрлан Джариев мәлімдеді.

 

 

Аурудың алдын алу және ерте анықтау мақсатында өткізілген скринингтік тексеру нәтижесінде 31 науқастың онкологиялық дертке шалдыққаны белгілі болған. 2016 жылда бұл көрсеткіш-34 болатын.

 

-Жыл санап онкологиялық аурулардан көз жұматын науқастар саны азайып келе жатқаныі бізді қуантады. 2015 жылы онкологиялық аурулардан 450 науқас бақилық болса, 2016 жылы-326, биылғы жылы-318 науқас айықпас дерттен көз жұмды. Олардың басым көпшілігі асқазан обыры, өңеш обыры мен өкпенің қатерлі ісігімен ауырғандар,-дейді облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Нұрлан Джариев.

 

 

Балалар арасында кездесетін қатерлі ісіктің де жыл санап көбейіп отырғаны дәрігерлер қауымын алаңдатуда. Бүгінгі таңда қатерлі дертпен 93 бала есепке алынған. Соңғы бес жылда балалар онкологиясы облыстық балалар ауруханасының қарамағына берілді. Облыстық балалар ауруханасының басшысы Камшат Тұрсынбекованың айтуынша, биыл онкологиялық аурудан 4 бала көз жұмған.

 

-Бізде бір дәрігер жұмыс істейді. Мұнайшылар қаласы Жаңаөзенде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың саны артып отырғандықтан Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасында арнайы маман дайындалды.

 

Алдағы уақытта Бейнеу ауданында онкогематолог дәрігерге штат ашу жоспарда бар,-дейді облыстық балалар ауруханасының басшысы Камшат Тұрсынбекова.

 

Сурет Талант Құсайындыкі

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему