Маңғыстаулық самбошы қыздар жеңімпаздар қатарынан көрінді
Курс валют в Актау
на 13/12/2017
 
332.82
336.55
 
391.76
396.58
 
5.58
5.75
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
13 Декабря, 02:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошы қыздар жеңімпаздар қатарынан көрінді

5 Декабря 2017 (10:28) | 405 | Автор: Нурганым Имашева

Алматы облысының Текелі қаласында самбо күресінен 23-жасқа дейінгі ерлер және қыздар арасында КСРО спорт шебері Қайрат Мирамбаевты еске алуға арналған ІV-ші ҚР чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан жиналған 146 самбошы қатысты. Олардың арасынан маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 48 келі салмақта Балнұр Аппазова алтыннан алқа тағып, ҚР чемпионы атанды. Одан бөлек Эльмира Хасан мен Гүлнұр Мақсетова үшінші орынға табан тіреп, қола медальдарды қанағат тұтты.

 

 

-Жарыс 1-3-і желтоқсан күндері Алматы облысында өтті. Жарысқа үш шәкіртімді апардым, үшеуі де жүлделі орындарды иеленді. Өте қуаныштымын.

 

Шәкіртім 48 келі салмақта Балнұр Аппазова төрт кездесудің барлығын таза ұтып, финалдық белдесуде ОҚО балуаны ҚР чемпионы, Азия чемпионы Жадыра Пайыздан айласын асырып, өз салмағында жеңімпаз атанды.

 

«Самбо күресінен ҚР спорт шебері» атағын абыроймен қорғады.

 

Сонымен қатар 60 келі салмақта белдескен Эльмира Хасан төрт белдесу өткізіп, жартылай финалда ОҚО балуанына есе жіберіп, қола медальді еншіледі.

 

Және +80 келі салмақта Гүлнұр Мақсетова үш белдесу өткізіп, жартылай финалда жамбылдық балуаннан ұтылып қалып, қола медальға қол жеткізді,-дейді балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкер Берік Жұмағалиев.

 

Суреттер спортшылар архивінен алынды

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему