Өндіріс жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 24/10/2018
 
360.95
365.04
 
414.04
419.07
 
5.49
5.66
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Октября, 03:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өндіріс жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті

13 Ноября 2017 (15:14) | 877 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда, ірі мекемелерде «Жас мамандар кеңестері» ашылып, олардың қоғамдық шаралардағы белсенділіктері артуда. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы жұмысшы жастармен етене араласып, тығыз жұмыс жасап келеді.

 

 

Қараша айының 11 күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жас Отан» жастар қанаты Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімімен, Маңғыстау облыстық футбол федерациясымен бірлесіп өндіріс орындарында, мекемелерде қызмет ететін жас мамандар арасында шағын футболдан сайыс өткізді.

 

Шараның мақсаты - жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық бәсеке орнату арқылы олардың арасында бәсекелестік, достық қарым-қатынас орнату.

 

 

Қаладағы «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен 2 күндік жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Олар: «ҚарақұдықМұнай» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «Актауский Морской Северный Терминал» ЖШС, «Тұлпар МұнайСервис» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бекада» ЖШС, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС, СЭЗ «Морпорт Актау», "Caspi Bitum" ЖШС, «Арғымақ» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «КазНиПи» ЖШС, «МАЭК—Казатомпром» ЖШС, «Өзенмұнайсервис» ЖШС мекемесі командалары. Барлық командалар да осал емес. Тәжірибелі төрешілердің төрелік етуімен өткен жарыстың қорытындысы мынадай: 3-орынды «БЕКАДА» командасы иеленді (40 000 теңге), 2-орын «Oil Services Company» ЖШС командасына бұйырды (60 000 теңге), 1-орынды жеңіп алған «МАЭК-Казатомпром» ЖШС командасы 100 000 теңгеге ие болды. Ойын барысында үздік ойын көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленген МАЭК командасының ойыншысы Унайбаев Абай төрешілердің шешімімен «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» номинациясын иеленді. Ал «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» кубогын «БЕКАДА» командасының қақпашысы Бисенби Қуаныш еншіледі.

 

 

Шараның марапаттау рәсімінде Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Хажыгереев Мирлан Сақтағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы «ЖАС МАМАНДАР КУБОГЫН» жеңімпаз «МАЭК» командасына тапсырды. Қосымша 100 000 тенге сыйлық та берілді. «Үздік ойыншы» номинациясын Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кузин Вячеслав Валерьевич табыстады. Осымен жұмысшы жастар арасындағы тартысты бәсеке 12 қараша күні аяқталды.

 

 

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары мұндай шаралар жалғасын табатынын, жұмысшы жастар әрқашан назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сайысты тамашалауға келген көрермендер жарыстың сәтті өтуіне риза болып, қошеметтерін көрсетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему