Маңғыстаулық қос балуан республикалық турнирде жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 24/10/2018
 
360.95
365.04
 
414.04
419.07
 
5.49
5.66
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Октября, 03:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық қос балуан республикалық турнирде жеңімпаз атанды

13 Ноября 2017 (10:13) | 768 | Автор: Нурганым Имашева

Атырау облысының Аққыстау ауылында Исатай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған дзюдодан республикалық ашық турнир аяқталды.

 

 

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерінің 500-ге жуық спортшысы қатысты. Олардың арасынан маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 50 келі салмақта Айбек Сайлаубаев алтыннан алқа тақса, 34 келі салмақта Еркебұлан Аманқос қола медальді қанағат тұтты. Қуанышты жаңалықпен балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкер Ерлан Серіков бөлісті.

 

 

-Жарысқа апарған он шәкірттерімнің арасынан екеуі топ жарып, үмітімді ақтады. Алтын медальді иеленген шәкіртім Айбек Сайлаубаев қызылордалық, атыраулық, батысқазақстандық балуандарды таза жеңіспен тізе бүктіріп, келесі кезеңге жолдама алды.

 

Финалда 10 секундта аққыстаулық балуанды жеңіп, жарыс жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Одан бөлек 34 келі салмақта белдескен шәкіртім Еркебұлан Аманқос атыраулық, ақтөбелік, батысқазақстандық, грузиялық балуандардан басым түсіп, атыраулық балуанға жол берді. Осылайша, қола медальді еншіледі,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков.

 

 

3-4 қараша аралығында өткен дүбірлі доданың бас қонағы ретінде Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақов шақырылды.

 

 

Аталмыш республикалық турнир жасөспірімдер арасында дзюдодан және ересектер арасында қазақ күресінен ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысында түйе балуан алматылық Дәурен Нұралин мықтылығын дәлелдеп, қарсыластарының арасынан топ жарып, жарыстың бас жүлдесі «Volkswagen Polo» автокөлігін иеленді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему