«Халыққа құқықтық көмек көрсету - прокуратура органдарының басты мақсаты»
Курс валют в Актау
на 11/12/2017
 
332.52
336.24
 
392.37
397.19
 
5.56
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
11 Декабря, 07:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Халыққа құқықтық көмек көрсету - прокуратура органдарының басты мақсаты»

12 Октября 2017 (10:56) | 554 | Автор: Нурганым Имашева

Биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы жолдауымен Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды.

 

 

Қайта түлеудің айрықша маңызды екі процессі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынды.

 

Мақсат айқын, бағыт белгілі, ол әлемдегі дамыған 30 ел қатарына қосылу.

 

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

 

Прокуратура қызметі әлемнің көшбасшы елдері талабына сай жаңғыртылып, жаңа заң қабылданды.

 

Прокуратура қызметі де жаңғырды. Басым бағыттар айқындалып, жұмыс тәсілдері жетілдірілді.

 

Мәселен түйіні тарқамаған ең күрделі мәселенің бірі азаматтарды қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдап, арыз-шағымын қарап, құқықтық көмек көрсету.

 

Республика бойынша прокурорлар жылына 50 мың адамды қабылдаған. Олардың арыз-шағымы сотқа дейін тергеп-тексеру, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот актілері, әлеуметтік сала мәселесімен байланысты.

 

Елбасы «адамдарды қабылдап, тыңдау керек, олардың талап-тілектері ұсақ болса да шешілуі тиіс» деп барлық мемлекеттік органдарға тапсырма берген.

 

Осы тапсырманы орындау үшін 21 шілдеде Бас прокуратура ғимаратында «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ашылып, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, адам құқығын жедел түрде қорғау қолға алынды.

 

Басты мақсат - адамдарды әуре-сарсаңға салмай мұң-мұқтажын бір жерден шешу үшін тиісті мемлекеттік және уәкілетті органдармен байланысып, заң шеңберінде олардың құқықтарын қорғау. Келуші азаматтарды мамандар қарсы алып, олармен сөйлесіп, арыз-шағымдарын рәсімдеп, мәселенің байыбына бару үшін тиісті сала бойынша прокурорға жолдайды.

 

Прокурорлар азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, заңды түсіндіріп, кеңестер беріп, қажетті органдармен телефон арқылы жедел байланысып, мейлінше қолма-қол көмек көрсетеді. Тиісті органдарға арыз жазу қажет болса адвокатқа жолдап, арыз тегін жазылып беріледі.

 

Прокурор арызды өзі қарауға міндетті болса жазбаша арызды өзінің өндірісіне қабылдайды.

 

Сонымен қатар, пробациялық қызмет, медиатор, нотариус, кәмелетке толмағандарға көмек, сот актілерін орындауға қатысты мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек түрлері көрсетіледі.

 

2 айда Орталыққа 2552 адам келіп, оның 1436-сы жазбаша арызданған. Прокурорлар 1110 адамды қабылдаған, оның 384 сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 149-ы әлеуметтік-экономикалық саладағы заң бұзушылыққа шағымданған, 380-і азаматтық, әкімшілік, атқарушылық өндіріс, 148-і қылмыстық істер бойынша сот актілерімен келіспеген, 49 адам басқа да мәселелер бойынша жүгінген.

 

616 адамға заң талабы түсіндірілген, 308 арыз қабылданған, төмен тұрған прокурорлар мен басқа да органдарға 160 арыз бақылаумен жолданған.

 

97 азаматқа электрондық цифрлық қолтаңбасы беріліп, оның көмегімен басқа мемлекеттік органдарға 76 электронды және 155 видео өтініштер жолданған.

 

Мұндай орталықтар Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін барлық облыстарда орталықтар ашу жоспарланып отыр.

 

Кейбір адамдар заңға да, сөзге де тоқтамайды. Олардың шаршағанына түсіністікпен қарап, жылы сөзбен көмек көрсету қажет. Орталықтың психолог-маманы 124 адамға осындай көмек көрсеткен.

 

Ережеге сай Орталық айына бір рет Бас Прокурор және оның орынбасарларымен азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

 

Орталық халыққа қызмет жасау үшін құрылған, сондықтан келем деушілерге есік ашық. Халыққа мейлінше қолма-қол көмек көрсету - прокурордың міндеті.

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

аға көмекшісі Е.Тұрмағамбетов

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему