Кәсіпкерлікке үйретті
Курс валют в Актау
на 11/12/2017
 
332.52
336.24
 
392.37
397.19
 
5.56
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
11 Декабря, 07:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіпкерлікке үйретті

11 Октября 2017 (17:53) | 518 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығындағы «Жастар үйінде»«Жас дәурен» және «Безбен» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен жастарға арналған Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шара болып өтті.

 

Аталмыш шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Безбен» қоғамдық қоры «Өңірде жастар кәсіпкерлігін қолдауға және қаржы сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

 

«Безбен» қоғамдық қоры аталмыш шараның екінші бөлігінде жастарға арналған кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін бизнес-тренингті ұсынды. Тренингті тәжірибелі бизнес-тренер Еркін Атабаев жүргізді. Бизнесті бастаған сәтте оның жүзеге асырылуының сәтті болуы үшін қандай қадамдар жасап, алдымен нені жақсы ойластырып алу керектігін, банкротқа ұшырамау үшін неден сақтану керектігі жөнінде толық түсіндіру жасаған Еркін Атабаев кәсіппен айналысу үшін жобаны неден, қалай бастау, қандай мақсат қойып, оған жету жолындағы кейбір кедергілерді жеңе білудің жолдары туралы әңгімеледі.

 

«Безбен» қоғамдық қорының директоры Дина Баданова:

-Бүгінгі ұйымдастырып отырған шарамыздың басты мақсаты - жастарды бизнес ашудың негіздеріне үйрету, қазіргі таңда мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан әртүрлі мүмкіндіктермен таныстыра отырып, өз кәсібін ашудың қыр-сырына үңілуге, қаржылық сауаттылыққа үйретіп, бизнесті тиімді жүргізудің жолдарын көрсету болып табылады.

 

Жастарға қолдау көрсеткіміз келеді. Кәсіпкерлікке оқыту жобасын жүзеге асыру барысында тәжірибелі бизнес-тренерді шақырдық. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісін және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қамту қоры» АҚ-ның МО филиалының несие бөлімінің басшысын шақыру арқылы жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қаржылық қолдау бағдарламаларының мүмкіндіктерін түсіндіруді көздеп отырмыз.

 

Қазіргі жастар тез дамып жатқан заманда тасыған ақпарат ағынынан өздеріне тиімдісін алып, соны тез пайдасына асырып, өзіне пайдалануына бейімделсе екен дейміз. Жастар өмірде белсенді болса екен дейміз. Ол үшін түрлі мүмкіндіктердің бар екенін көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Елдің болашағы – жастардың өз кәсібін ашып, өзіне де тиімді, ел экономикасының дамуына да үлес қосуына ықпал етсек дейміз. Осы мақсатпен жастар арасында бизнес-идея ұсынудан стартап-конкурс ұйымастырып отырмыз. Бұл бағытта ең тиімді, сәтті деген жастардың бизнес-идеясын қолдап, көмек береміз,-деп мәлімдеді.

 

Жастарды бизнес негіздеріне оқыту тренингіне қатысқан жас жеткіншектер белсенділік танытты. Есентеміров Кенжебай есімді студент жас жігіт бұл тренингтердің жастарға берер пайдасы жөніндегі өз ойымен бөлісе отырып, былай деді:

Бұрын мынадай тренингтердің барын білмеппін. Мұндай дәрістердің жастар үшін пайдасы көп деп санаймын. Бүгін көп нәрсені үйреніп, өз кәсібіңді ашу үшін алдымен қандай қадамдар жасап, неден бастау керектігін, кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын үйрендік. Осындай оқытулардың көп болғанын қалаймын.

 

-Бүгінгі тренингте айтылғандай белгілі бір шеңберден шығып, өз бетіңмен әрекет жасаудың маңыздылығы мені қызықтырды. Осылай жасау арқылы кездескен кедергілерді жеңу жолдары ашылатыны сөзсіз, - дейді.

 

Тренинг барысында жастарға түрлі тапсырмалар беру, көңілді сергіту ойындары арқылы тез шешім қабылдап, заман ағымына сай тиімді әрекет жасай білудің жолдары көрсетілді. Қаржылық сауаттылық негіздерінен мәліметтер ұсынылды. Тренингке қатысқан жастар өздеріне арналған оқытудан көптеген пайдалы мағұлматтар алумен қатар, өз кәсібін ашуға деген қызығушылықтың пайда болғанын атап өтті. 

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему