Өнері өрге қанат қақтырды
Курс валют в Актау
на 22/10/2017
 
332.14
336.02
 
392.11
396.79
 
5.71
5.89
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Октября, 16:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өнері өрге қанат қақтырды

10 Октября 2017 (19:17) | 717 | Автор: Нурганым Имашева

Түрлі аспаптар мен саны бірнеше музыканттан құралған оркестр сияқты күрделі өнер ұжымын шебер басқарып, жетекшілік ету кез-келгеннің қолынан келе бермейтін, аса шеберлікті талап ететін дирижер атты өнер иесінің кәсібінің қиындығы мен қызығына үңіліп - тылсым өнердің тереңіне көз тастап, оның сырын ұғуға ұмтылыс жасап көрелік.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Мұратов Әлібек Қанатқалиұлы жастайынан өнерге ғашық боп өсті. Оның өнер әлеміне деген сүйіспеншілігін оятқан әкесі болатын. Атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін отбасында айтып отыратын әкесінің орындауындағы әндерді сүйсіне тыңдаған бала Әлібектің құлағында сол әуезді әуендер қалып қойған. Сол балалық шақта оянған өнерге деген сүйіспеншіліктің жетелеуімен өнер әлеміне қанат қаққан ол, бір кездері қолына сиқырлы таяқша ұстап, дирижер боп, пультте тұрып, ұлт аспаптары оркестріне жетекшілік ететінін сол кезде білген жоқ еді. Әйтсе де, «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» дегендей, әкенің өнерге деген қызығушылығы ұлы Әлібекке де дарып, мектептің 9 сыныбын бітірісімен Маңғыстау өнер колледжіне оқуға түсті. Домбыра-прима сыныбында оқыған Әлібектің алғашқы ұстазы колледждің бұрынғы директоры Аманбек Махуұлы Сүндетов болатын.

2006 жылы колледждегі оқуын аяқтап, сол жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті атанған Әлібектің өнер әлемінде қанатын кеңінен жазып, еркін самғауға мүмкіндігі пайда болды. 2010 жылы ЖОО-дағы оқуын тамамдап, өзі қалаған домбыра-прима мамандығын терең меңгеріп шыққан жас музыкант Ақтауға қайтып оралды. Консерваторияда оқып жүрген кезінде Айтқали Жайымов сияқты атақты дирижердан сабақ алып, дирижер мамандығына деген қызығушылығы пайда болады. Өзін осы күрделі мамандықтың иесі ретінде көрген біздің кейіпкеріміз Маңғыстауға оралған соң ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахат Бекболұлы Мадреев сынды ұстазынан дәріс алып, тәжірибесін тереңдете түседі. Әлібектің музыкант ретіндегі үлкен әлеуетін байқаған ұстазы оны оркестрді басқаруға дайындап, шеберлігін шыңдауына көп еңбек сіңірген. Бүгінде бір кездері өзі оқып, білім алған Маңғыстау өнер колледжінде болашақ музыканттарға сабақ беретін Әлібек Қанатқалиұлы ұстаздық етіп, шәкірт дайындаумен қатар, 6 жыл бойы Маңғыстау облыстық филармониясында Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінде дирижерлік қызметте.

Домбыра-прима мамандығы бойынша өнер колледжінде ұстаздық етіп, шәкірт дайындап жүрген Әлібек Қанатқалиұлының бір шәкірті бүгінде оқуын тамамдап, өнер саласында еңбек етуде. Студент кезінде сол шәкірті түрлі конкурс, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болса, бүгінгі өзінен дәріс алып жүрген студенттерін де байқауларға қатыстыру мақсатымен дайындауда екен.

Қиын да күрделі мамандық – дирижерлық өнердің шыңын бағындыруға бет алған Әлібек Мұратов осыған дейін жоғары дәрежедегі бірнеше байқауларға, атап айтқанда, Атырау қаласында өткен Р.Ғабдиев атындағы І дирижерлар конкурсына қатысып, лауреат болып келген, 2017 жылдың мамыр айында М.Төлебаев атындағы Талдықорған қаласында өткен 5 - ші Республикалық дирижерлар конкурсына қатысып, лауреат атанған. Маңғыстауда өткен Боздақ Рзаханов атындағы ІІ Республикалық дирижерлар конкурсына қатысып, онда да жүлдегер атанған. Жақында ғана Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өткен КСРО Халық әртісі профессор Шамғон Қажғалиев атындағы ІІІ Республикалық дирижерлар конкурсының Бас Жүлдесін жеңіп алған жас өнер иесі Маңғыстау мәдениетінің абыройын асқақтатты.

-Конкурс өте үлкен дәрежеде өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. І турда Шамғон ағамыздың оркестрге лайықтап дайындаған шығармаларын орындау болса, келесі турда шетел шығармалары орындалды. Жюридің құрамында Шамғон ағамыздың ізін қуып келе жатқан ізбасарлары: профессор Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов, Астана оркестрінің Бас көркемдік жетекшісі, Бас дирижері, сол кісі төрағалық етті. Сонымен қатар өзіміздің жерлесіміз, ұстазым, Абыл Тарақұлы атындағы оркестрдің көркемдік жетекшісі, Бас дирижері Рахат Бекболұлы Мадреев болды және Орал қаласының Дәулеткерей атындағы оркестрінің Бас дирижері Еркін Нұрымбетов ағамыз, сосын Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінің, Алматы қаласының оркестрінің Бас дирижері А.Жүлдебаев және т.б.болды.

Конкурстан конкурсқа дейін тәжірибе жинап келемін. Бұл байқау басқа конкурстарға қарағанда өзім үшін ең күрделісі болды. Себебі бұл байқау - Шамғон Қажғалиев атындағы Қазақстандағы ең шоқтығы биік тұратын, конкурстардың дарасы. Атағы әлемге әйгілі дирижердің атындағы байқауда өнер көрсету – үлкен абыроймен қатар, зор жауапкершілік жүктегені рас. ІІІ Республикалық дирижерлар конкурсының Бас Жүлдесі бізге бұйырды. Байқауға 1,5 - 2 айдай уақыт дайындалдық оркестрмен,- деді Бас Жүлде иесі дирижер Әлібек Мұратов.

«Өз перзенттеріңіздің өнерге қанат қағуын қолдарма едіңіз?» -деген сауалыма Әлібек Қанатқалиұлы: «Егер қабілеті мен қызығушылығы қатар келіп тұрса, баланың сағын сындырмау керек, өнер жолын таңдаса – қарсы болмау керек деп санаймын»,- жауап берді.

Өнерін-өмірінен бөлек қарай алмайтын нағыз өнерпаздың жауабы өзгеше болуы да мүмкін емес қой. Қиын да күрделі - дирижерлік өнердің асқақ шыңын бағындыруда биікке самғай беріңіз деген тілегіміз бар. Бас Жүлдеңіз құтты болсын, сиқырлы таяқша иесі, киелі өнердің биігіне құлаш сермей беріңіз! Қанатыңыз талмасын!

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин