Ақтауда Ш. Бөлтекұлын еске алуға арналған турнир басталды
Курс валют в Актау
на 21/02/2018
 
318.1
321.41
 
392.61
396.82
 
5.57
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
21 Февраля, 23:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Ш. Бөлтекұлын еске алуға арналған турнир басталды

6 Октября 2017 (13:50) | 414 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақта Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан Х халықаралық турнир бастау алды.

 

 

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Польша, Әзірбайжан, Финляндия, Моңғолия, Түркменстан, Белорусия, Армения мен Грузия мемлекеттерінен келген боксшылар қатысуда.

 

200 спортшы он салмақ дәрежесінде бақтарын сынайды.

 

Жарыстың салтанатты ашылуына аймақ басшысы Ералы Тоғжанов, Ш.Бөлтекұлының шәкірті Серік Әбдінәлиев, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаев, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстан Әлем Чемпионы Қанат Ислам, спорт жанашылары мен қонақтары қатысты.

 

Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау облысы Жармыш ауылында дүниеге келген. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетiмдер үйiнде оқып, орта мектептi бiтiрген. Қазақ боксының атасы атанған Ш. Бөлтекұлы - ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, КСРО спорт шеберi атанған тұңғыш қазақ.

 

 

-Шоқыр Бөлтекұлы-қазақ жерiнде әуесқой боксты үйретудi алғашқы болып қолға алған ұстаз, елімізге бокс қолғабын арқалап келген адам.

 

1954 жылы Алматы қаласында Шоқыр ұстазымның қоластына келіп, бокспен айналыстым. Осындай ұстаздан дәріс алып, шеберлігімді шыңдап, шәкірті болғанымды мен әрдайым мақтан тұтамын.

 

 

Ұстазымды еске алуға арнап Ақтауда халықаралық деңгейде турнир ұйымдастырып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейін өте жоғары деп бағалаймын,-дейді Ш. Бөлтекұлының шәкірті Серік Әбдінәлиев.

 

Шаршы алаңға шыққан боксшылардың тартысын  маңғыстаулықтар 4-7 қазан күндері «Маңғыстау арена» спорт кешенінен тамашалап, жерлестеріне жанкүйер бола алады. Додада аймақ намысын 18 спортшы қорғайды деп жоспарланған.

 

 

-Біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі-жастарға деген қамқорлық. Ол үшін Маңғыстау облысында барлық жағдай жасалған.

 

 Соның ішінде жастар арасында бокс танымалдыққа ие. Спортшылар әрбір спорт сайысына үмітпен келеді.

 

 Бүгін сіздер ержүректік танытып, көрермендеріңізге қызықты әрі тартысты жекпе-жек сыйлайды деп сенемін.

 

 Ш.Бөлтекұлын еске алуға арналған турнир, барлық қатысушылар үшін жаңа жеңістер мен жетістіктерге жол ашатынына сенімім мол.

 

 

 Турнирдің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына сәттілік пен жеңіс тілеймін,-деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген сәтінде.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему