Облыста «Қару-2017» жедел-профилактикалық шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2018
 
324.41
327.32
 
396.64
400.62
 
5.2
5.37
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
25 Апреля, 04:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыста «Қару-2017» жедел-профилактикалық шарасы өтті

11 Сентября 2017 (20:37) | 453 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Атыс қаруын қолданумен қылмысқа жол бермеу және Маңғыстау облысы ІІД-де қарудың заңсыз айналымға түсуін болдырмау мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 5-нен 9-на дейін «Қару-2017» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, оның аясында тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарулардың иелерін тексеру, қаруды уақтылы және қайта тіркеудің сақталуын (сейфтің, дабылдың болуы) қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғындардан заңсыз сақталған ІІБ-де тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды алу жүргізілді.

 

Аталған шараға ішкі істер органдарының 147 қызметкері жұмылдырылды, оның ішінде: жергілікті полиция қызметінің - 110, криминалдық полицияның – 13 және басқа қызметтердің 24 қызметкері болды, 6 жедел-іздестіру топтары құрылды.

 

Екі күн ішінде тұрғылықты жері бойынша 1333 жеке қару иелері (жалпы есепте тұрғаны - 3859) тексерілді. Тексеру барысында 55 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, ІІО-ның басшыларының құқығымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі бойынша (қаруды сақтау ережесін бұзу) - 55 және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлігі бойынша (тіркеу және қайта тіркеу мерзімін бұзу) - 1.

Заң бұзушылық бойынша 1 247 950 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік Полиция Бпсқармасы:

-Қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін иелерінен -22, тіркеу ережесін бұзғаны үшін 1, дабылдың жоқтығы мен жарамсыздығынан 21 бірлігі алынды.

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде жедел-профилактикалық шараны өткізу барысында Өмірзақ кентінде тұратын «М» атты азаматтың жеке басын тінту кезінде ІІО-да тіркелмеген, заңсыз айналымнан 8 мм калибрлі "Арми-92" газды қаруы тәркіленді.

Қазіргі таңда тексерілмей қалған қару иелерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жұмыстары жалғасын табуда.

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему