Өнерлі өрендерді анықтаған сайыс
Курс валют в Актау
на 11/12/2017
 
332.63
336.39
 
391.56
396.2
 
5.56
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
11 Декабря, 23:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өнерлі өрендерді анықтаған сайыс

12 Августа 2017 (17:49) | 568 | Автор: Нурганым Имашева

Кеше «Жастар үйінде» ХІІ облыстық дельфий ойындары өтті.

Шараны Маңғыстау облысы  жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жас дарындардың талантын ұштайтын өнер сайысына аймақтың бес ауданынан келген мектеп оқушылары қатысты.

         Шараның ашылу салтанатында сөз алған Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Хажгереев Мирлан Сақтағанұлы:

         - Құрметті жас жеткіншектер, достар! Баршаңызды бүгінгі ХІІ облыстық дельфий ойындарының басталуымен құттықтаймын. Бұл шараның бойларында өнерге деген құлшыныстары, қабілеттері бар жас өрендердің талантын ұштауға арналатыны баршаға аян.

         Бүгінгі шара барысында өнердің 6 түрінен сайысқа түскелі отырсыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Өнерлеріңіз өрлей берсін! Тек бәйгенің алдынан көрініңіздер!- деді.

         2005 жылдан бастап Ұлттық Дельфийлік комитет жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және Ғыым министрлігімен бірлесіп, Ұлттық  жастар Дельфийлік ойындарын өткізіп келеді. Дельфийлік қозғалыс жас таланттарды дамыту мен қолдау үшін қолайлы жағдай туғызумен қатар халқымыздың мәдени құндылықтарын сақтап, өркендетуге бағытталған. Классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын Маңғыстау облыстық Ұлттық  жастар Дельфийлік фестивалі аймақта жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Оған қатысушылар, өңірдің барлық аудандарынан келетін жасөспірімдердің санының өсуі - жастардың өнерге деген қызығушылығының артқанын дәлелдейтін фактор.

         Сайысты ұйымдастырушы – биылғы жылғы Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысын ұтып алған «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің директоры Шоданова Бибігүл Амантайқызының айтуынша, «Бүгінде дельфий ойындары жалпы республика бойынша өтіп жатыр. Осы облыстық байқауда әр номинация бойынша бірінші орын алған жүлдегерлер Маңғыстаудың атынан күзде Шымкент қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысады. Республикалық деңгейде жеңімпаз атанғандар Халықаралық сайысқа қатысып, ел намысын қорғайтын болады. Бұл сайыстарды ұйымдастырудағы мақсат – жас таланттарды қолдау, көтермелеу».

-Жалпы, осы конкурсқа қатысуға Маңғыстау облысы бойынша 70-ке жуық ұсыныс келіп түсті. Алайда,  сайыс басталар алдында кейбір балалардың қалада болмауына және кейбірінің денсаулық жағдайына байланысты бүгінгі конкурсқа 66 бала қатысып отыр.

Сайысқа облысымыздың Жаңа Өзен қаласынан өзге барлық бес ауданынының балғындары қатысуда, - деді Бибігүл Амантайқызы.

Өнер додасында балғындар «Дәстүрлі ән» (өзінің сүйемелдеуімен жеке орындау), «Халық биі», «Ұлттық аспап -домбыра», «Эстрадалық ән», «Бейнелеу өнері» және «Фортепьяно» аталымдары бойынша сайысты.

Әр номинацияда екі айналымда өнер көрсеткен балалардың қабілетін облыстық филармонияда жұмыс істейтін кәсіби өнер иелері – музыка саласының мамандары бағалады.

Ұзақты күнге созылған өнер сайысының қорытындысы кешке таман шығарылып, қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздарын арнайы Алғыс хаттар және дипломдармен марапаттады.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Ұлттық аспап -домбыра» номинациясында І дәрежелі дипломмен Бейнеу ауданының өнерлі өрені Мергенбайқызы Карима, ІІ дәрежелі дипломмен – Ахметқызы Әйгерім (Бейнеу ауданы), ІІІ дәрежелі дипломмен  - Мұнайлы ауданының өнерлі жасы Нағима Берікбай марапатталды.

«Эстрадалық ән» аталымында ең үздік болып танылып, І дәрежелі дипломмен бейнеулік 15 жасар Юнусова Жансая марапатталса, ІІ дәрежелі дипломға  - Қарақия ауданынан келген Қылышбек Мейрамбек ие болды, ал ІІІ дәрежелі диплом  - Қарақиялық жас әнші Исаева Рысгүлге бұйырды.

«Дәстүрлі ән» (өзінің сүйемелдеуімен жеке орындау) номинациясының жеңімпаздары ретінде танылғандар: І дәрежелі диплом – Мұхамбет Сандуғаш Серікбайқызы (Мұнайлы ауданы) және Нұрлан Айдын (Маңғыстау ауданы), ІІ дәрежелі диплом –Жұмағұлова Айжұлдыз (Маңғыстау ауданы), ІІІ дәрежелі диплом – Рахмет Перизат (Маңғыстау ауданы).

«Халық биі» номинациясында жеңіске жеткендер: І орын – «Қызғалдақтар» би тобы (Түпқараған ауданы), ІІ  орын – «Жұлдыз» би тобы (Бейнеу ауданы) және ІІІ  орын иесі – «Інжу маржан» би тобы (Мұнайлы ауданы).

Әзімхан Баймағамбетов, қазылар алқасының мүшесі, Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі:

-Бүгін міне, шамамыз келгенше әділ қазы болуға тырыстық. Бұл жерде ескерте кететін жайт – байқау тамыз айының ортасында өтіп жатыр, ал қазір мектеп оқушыларының көбі жазғы демалыста, жан-жақта қыдырып жүр дегендей. Сондықтан, дәстүрлі ән бойынша – 4 бала  және күй тарту бойынша қатысқан балалардың саны - 6 бала, эстрада номинациясы бойынша -7 бала, ол аздау, ұят нәрсе, әрине. Әрқайсы номинациядан ең кем дегенде қатысушылар саны 10-15 болуы қажет. Қатысатын балалар саны жоқ емес, бар өлкемізде, тек байқау оқу жылы кезінде ұйымдастырылса, жақсы болушы еді, өнерлі балаларды көбірек қамтитын.

Осы конкурсты болашақта оқу жылының маусымында ұйымдастырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сол кезде байқауға қатысушылардың да, келушілердің саны да көбірек болар еді. Конкурс жаман болған жоқ, алайда дайындығы аздау болған балалар да болды.

Бұрынғы конкурстардың, осыдан 4-5 жыл бұрынғыларының рейтингі жоғары болушы еді, ал биылғы байқаудың жарнамасы аздау болғанға ұқсайды. Дегенмен, қатысқан балалардың арасынан әрқайсын өз орнына қойып, өнерлерінің әділ бағасын беруге тырыстық,- деді.

Барлық жеңімпаз  өнерлі өрендерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему