Маңғыстаулық балғындар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, керемет әсерге бөленді
Курс валют в Актау
на 23/06/2018
 
338.54
342.69
 
392.23
396.39
 
5.26
5.42
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Июня, 00:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балғындар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, керемет әсерге бөленді

7 Августа 2017 (17:13) | 681 | Автор: Нурганым Имашева

«Өркениетті келешек» қоғамдық қоры Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен 50 жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасының балаларын жоба аясында 5 – 7 тамыз аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Астана қаласының көрікті жерлеріне апарып, қыдыртты.

 

 

Қоғамдық қордың директоры Гүлбаршын Қарабалинаның мәлімдеуінше, «Жоба аясында жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларының дарынды балалары Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатыстырылды». - 6 - тамыз.күні балалар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалады.

 

Балғындар тек көрмеге барып қана қоймай, бос уақытта олар үшін Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында экскурсиялық танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды.

 

Жоба аясында Астана қаласына сапармен барған балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында оларға арнайы тренинг ұйымдастырылды. Жасөспірімдерді командада әрекет ету дағдыларына, өмірлік маңызы бар машықтарға үйреттік, яғни тек «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне барып қана қоймай, балалар сонымен қатар танымдық бағыттағы тренингтен өтіп, ол туралы арнайы сертификаттарға да ие болды.

 

Жалпы, балалар бұл сапарда  өте үлкен әсерге бөленді. Өздерінің таным көкжиектерін кеңейтумен қатар, көптеген достар тауып, ел-жер көріп, көңілдері өсіп, марқайып қайтты. Ертеңгі күні ел тізгінін қолына ұстайтын жасөспірімдер қазақ елінің келешекте дамып, өркендеуі үшін орасан зор мүмкіндіктер барын көріп, өзге мемлекеттердің де әлеуетімен танысып, болашақтың энергиясы туралы мол мағұлматтар алды.

 

Әлем қауымдастығы көз тігіп отырған елорданың болашағы жолында аянбай еңбек ету керектігін, Қазақстанның келешегін кемелдендіру үшін өздері де қолынан келгенінше үлес қосулары қажет екенін түсінді,-дейді балалармен бірге Астанаға сапар шеккен «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему