Маңғыстаулық балуандар Гонконгтан 2 алтын және 2 күміс медальмен оралды
Курс валют в Актау
на 21/01/2018
 
324.14
327.7
 
395.04
399.55
 
5.65
5.82
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
21 Января, 23:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар Гонконгтан 2 алтын және 2 күміс медальмен оралды

24 Июля 2017 (16:39) | 326 | Автор: Нурганым Имашева

22-23 шілде аралығында Гонконгта жастар арасында дзюдодан Азия кубогы сарапқа салынды.

 

 

Азия құрлығындағы 10 мемлекеттің дзюдошылары бас қосқан дүбірлі додадан маңғыстаулық балуандар - «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 60 келі салмақта Рамазан Мамаев пен 66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан алтыннан алқа тағып, Азия кубогының иегері атанды.

 

Сондай-ақ 55 келі салмақта Бауыржан Нарбаев пен 66 келі салмақта Бауыржан Сағынғалиұлы күміс медальді иеленіп, аймақтың абыройын асқақтатты.

 

 

- Барлық кездесулер де тартысты өтті, қарсыластарымның осалы болған жоқ. Бұл жолы моңғолиялық, қытайлық, кореялық, қазақстандық қарсыластарымды айқын басымдылықпен жеңіп, жарыс жеңімпазы атандым.

 

Халықаралық жарыста топ жарып, жерлестеріме алтын медальді сыйлағаныма өте қуаныштымын.

 

 

Алдағы уақытта Елдос Сметов ағамыз сияқты әлемді мойындатып, Олимпиада шыңын бағындырып, елімнің әнұранын Олимпиада төрінде әуелеткім келеді,-дейді дзюдодан Азия кубогының иегері Сұңғат Жұбатқан.

 

Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 8 балуан қорғады. Жарыстың қорытындысында Қазақстан қоржыны 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдармен толықты.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему