Ақтау қаласы №2 сотының 6 айдағы жұмысына қорытынды жасалды
Курс валют в Актау
на 23/09/2017
 
337.5
341.5
 
403.35
407.35
 
5.61
5.91
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Сентября, 08:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы №2 сотының 6 айдағы жұмысына қорытынды жасалды

17 Июля 2017 (14:20) | 528 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «2017 жылдың 6 айында сотқа 5447  талап арыз бен азаматтық іс түскен (2016 жылы 4216 талап арыз бен азаматтық іс түскен болатын), яғни 2017 жылы түскен талап арыздар мен істер саны 1231  немесе 34,2 пайызға көбейген.

 

           

Ақтау қаласының №2 сотымен 2017 жылдың 6 айында барлығы 4629  азаматтық іс қаралып, аяқталған, (2016 жылы осы кезеңде 3700 азаматтық іс аяқталған болатын) оның ішінде шешім шығарумен – 2050 іс, (1186 іс), оңайлатылған (жазбаша іс жүргізу) тәртіпте қаралған 1144 іс (974 іс), бітімгершілік келісімді бекітумен 31 іс (48 іс), медиациялық келісімді бекітумен 149  (85 іс), партисипативтік келісімді бекітумен 7 (0) азаматтық іс аяқталған, бұйрық шығарумен 1849 іс (1342 іс)».

           

Ал енді осы жоғарыда көрсетілген статистикалық мәліметке сүйеніп, оған баға беретін болсақ, онда Ақтау қалалық №2 сотының 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған сот төрелігін, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда есептік кезеңде сотқа түскен талап арыздар санының көбейгендігін, сонымен қатар көрсеткіштердің біршама жақсарғанын көруге болады.

 

Атап айтқанда, көрсеткіштердің жақсы жақтарына тоқталатын болсақ, ол медиация тәртібімен қаралған істер санының біршама көбейгені, яғни бұл медиация туралы Заңды судьялар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кеңінен насихаттауы және оны сотқа келген тараптар түсініп, заңның тиімділігін біліп, қолдануы деуге болады.

 

Өткен жылдың осы есептік кезеңімен салыстырғанда медиация тәртібімен қаралған істер саны 149 (85), яғни 42%  көбейгенін байқауға болады, сондай-ақ үстіміздегі жылы сот өндірісінде партисипативтік келісімді бекітумен 7 азаматтық іс қаралды, ал өткен жылғы есептік кезеңде мұндай тәртіпте азаматтық істер қаралмаған болатын.

 

Демек статистикалық мәліметтегі сандарды сөйлететін болсақ, онда Ақтау қаласының №2 сотында жыл сайын медиация тәртібімен және партисипативтік рәсімдермен қаралған істердің көбейгенін айта аламыз, бұл дегеніміз сотқа жүгінген азаматтар, аталған заңның тиімділігін сезіне отырып, араларындағы туындаған дауды өзара, екі жаққа бірдей тиімді келісімге келу арқылы шешкендігінің айғағы, - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

 

Олардың мәлімдеуінше, «Бұдан бөлек талап арызды қабылдау «Сот кабинеті» арқылы жүзеге асырылады, бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалар өз үйлерінде немесе жұмыс кабинеттерінде отырып интернет жүйесі арқылы сотқа кез-келген нысандағы арыздарды, өтініштерді сот кабинеті арқылы бере алады.

 

Бүгінгі таңда сот мәжіліс залдары толық дыбыс-бейне құрылғысымен жабдықталған, сондықтан  сот өндірісіндегі азаматтық істер 100 % дыбыс-бейне құрылғысын қолдану арқылы қаралады, бұл сот отырысының ашықтығын, іске қатысушы тараптардың сот отырысын жүргізудегі тәртібін сақтауға және де сот мәжілісіндегі айтылған уәждердің бұрмалауына жол берілмеуіне өз септігін тигізеді.

 

Сондай-ақ соттың ашықтығы мен сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды насихаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судьялар 70 мақала жариялады, теледидар мен радио арқылы 9 сұхбат берді, интернет желісіндегі сайтқа 113 хабарлама таратты.

 

Сонымен қатар істерді уақытылы, сапалы, созбалаңдыққа салмай, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында, судьялармен істерді қарауға дайындық жүргізу жоғары деңгейде өткізіліп, нәтижесінде 1-ші сот отырысында 1243 азаматтық іс, 2-ші сот отырысында 299 азаматтық іс, 3-ші сот отырысында -77 азаматтық іс қаралып, аяқталды».

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин