«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары алғашқы маусымды аяқтады
Курс валют в Актау
на 27/07/2017
 
324
328
 
377.4
381.4
 
5.2
5.5
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
27 Июля, 03:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары алғашқы маусымды аяқтады

17 Июля 2017 (11:02) | 276 | Автор: Нурганым Имашева

15-ші шілде күні  Ақтау қаласындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары алғашқы еңбек маусымын аяқтады.  Маусым айының 15-нен бастап облыс орталығын аббаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарын атқару ісіне жұмылдырылған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамындағы 150 жас бір ай бойына аянбай еңбек етті.

 

 

Төрт топқа бөлінген жігерлі жастар Ақтаудың 30 шағынаудан, Ботаникалық бақ, 1 шағын аудан, қалалық саябақ сияқты жерлерінде тал-теректерді суару, ағаштардың түбін қопсыту, арам шөпті отау және санитарлық тазарту жұмыстарын атқарды.

 

Жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, пайдалы іспен айналысуға құлшыныс танытқан ынталы колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» құрамында еңбек етіп, бір жағынан өз туған қаласының көркеюіне атсалысса, екінші жағынан жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды.

 

17 жастағы мектеп оқушысы Байрамбаева Мадина:

-«Жасыл ел» еңбек жасағына келгеніме өте қуаныштымын. Себебі мұнда мен алғашқы рет еңбекке араласып, өзімді сынап көрдім.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, жұмыс істеп, табыс тауып, ата-анама қаржылай қолдау көрсетумен қатар сүйікті қаламыз Ақтаудың көркейіп, гүлденуіне, ажарлана түсуіне өз үлесімді қосқаныма ризамын,- депөз қуанышымен бөлісті.

 

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына жастарды қабылдау кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын жұмысқа алуға көбірек көңіл бөлінгені туралы айтқан «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары жасақтағы жасөспірімдердің жұмыс жасауына арнайы қадағалау жасаумен қатар, олардың жұмыстан бос кезде де өз уақыттарын тиімді пайдалануына да көп көңіл бөлді.

 

Жастар облыс орталығында ұйымдастырылған түрлі мәдени, мерекелік шараларға белсене қатысып, қоғам өміріне тікелей араласты. Еңбек ету арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартуға болатынын ұғынған жастар да, олардың ата-аналары да  «Жасыл ел» еңбек жасақтарының бұл бағыттағы жастарға берген мүмкіндігіне риза екендіктерін білдірді.

 

14 жастағы мектеп оқушысы Ұлан Көбесінұлы:

-Мен көгалдандыру жұмысына келгенде отбасымның қаржылық жағдайын жақсартуға өз үлесімді қоссам, сол арқылы ата-анама қолқабыс болсам, әрі қаламыздың тазалығы мен көгалдандыруына да өз пайдамды тигізсем деп келген болатынмын.

Біздің отрядтағы 37 жас осы алғашқы маусым ішінде өте жақсы жұмыс істеді. «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» демекші, өз маңдай терімізбен қаржы тауып, жазғы демалысты пайдалы іс істеумен, тиімді өткізуге тырысудамыз, - деген пікірімен бөлісті.

 

Шілденің 17- нен бастап «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жазғы еңбектің екінші маусымы басталады.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин