Облыстық прокуратура қызметкерлері аналар мен сәбилердің денсаулығын, өмірін сақтауға бағытталған жобаны қолға алды
Курс валют в Актау
на 28/05/2017
 
309.5
312.5
 
346.1
350.1
 
5.23
5.53
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Мая, 04:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық прокуратура қызметкерлері аналар мен сәбилердің денсаулығын, өмірін сақтауға бағытталған жобаны қолға алды

19 Мая 2017 (16:45) | 199 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамашылығымен облыс аумағында «Ана мен бала денсаулығы» атты жоба жүзеге асырылуда. Осынау өзекті мәселеге арналған ауқымды шараның ұйымдастырылуы туралы қоғамды ақпараттандыру үшін Ақтау қаласында облыстық прокуратура жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін өткізді.

 

Басқосуда сөз алған облыстық прокуратура қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – ана мен сәби өлімін, ауруын азайту және аналар мен 1 жасқа дейінгі сәбилердің өмір сүру деңгейін арттыру.

 

Жобаның негізгі міндеттері:

1. Ана мен сәби өлімін, сәбилердің өлі туылу деректерін болдырмау және алдын алу, медициналық қызмет көрсету саласындағы мінез-құлық мәдениетін арттыру.

 

2. Ана мен сәби денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде халықтың кеңінен хабардар болуы; бала тууға қабілетті жастағы аналардың денсаулық деңгейін жақсарту.

 

3. Кәсіби мамандарды дайындау және материалды-техникалық базаны жақсарту.

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы 1 ана өлімі, 189 сәби өлімі және 187 сәбидің өлі тууылу дерегі тіркелген.

 

2017 жылдың өткен мерзімінде ана өлімінің 2 дерегі, 59 сәби өлімі және 49 сәбидің өлі туылу дерегі тіркелген.

 

Ағымдағы жылдың 27 наурызында облыс әкімі және облыс прокурорымен «Ана мен баланың денсаулығы» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Сонымен қатар, облыстағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, жобаны жүзеге асыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды».

 

-Прокуратураның бастамашылығымен барлық денсаулық сақтау ұйымдарында азаматтардың арыз-шағымдарын салу үшін арнайы жәшіктер орнатылып, оларға апта сайын аралау жүргізіліп, халық арасында медициналық қызметтің сапасы бойынша сауалнамалар жүргізілуде, сенім телефондары да жұмыс жасауда.

 

Қазіргі уақытта прокуратура органдарымен 2014-2016 жылдарда және ағымдағы жылдың өткен мерзімінде орын алған барлық ана мен сәби өлімдері бойынша қажетті құжаттар құзырлы органдардан сұратылып алынып, тізімдері жасақталып, оларға толыққанды талдау жүргізілуде.

 

 

Алдын–ала жүргізілген талдау барысында анықталғандай, ана мен сәби өлімдерінің орын алуына мынадай негізгі себептер әсер еткен: есепте тұрған жүкті әйелдердің үйлеріне бару арқылы аралау жұмысының сапасының төмендігі, инфекциялық аурулардан толық емделмеуі, туа біткен денсаулық ақауының кеш анықталуы немесе анықталған жағдайда жүктілікті үзуден өз еркімен бас тарту, медициналық көмектен бас тарту, жүктілігі бойынша есепке кеш тұруы, жанұяны жоспарлау бойынша медицина қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б.

 

Талдау нәтижесі бойынша нақты іс-шаралар қабылданатын болады,-дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин