Энергияны тегін алатын жел станциясы Мұнайлы ауданына орнатылды
Курс валют в Актау
на 26/07/2017
 
324
328
 
378.05
382.05
 
5.24
5.54
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
26 Июля, 01:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Энергияны тегін алатын жел станциясы Мұнайлы ауданына орнатылды

19 Мая 2017 (11:13) | 205 | Автор: Мира Ботабекова

 

62 жастағы ғалым, техника ғылымдарының кандидаты Марат Исекеев бірегей жел электр станциясын ойлап тапты. Республикалық байқауда топ жарған Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы профессорының бұл жаңалығы Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесіне қойылатын болды. Өнертапқыш Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында орналасқан «Норкан» шаруа қожалығына алғашқы құрылғыны орнатып, сынақтан өткізді. Облысты электр қуатымен қамтып отырған кәсіпорын мамандары жобаға жоғары баға берді. Малшы үйінде тұрған құрылғыға небәрі 100 мың теңге жұмсалған. Сағатына 10 киловат қуат көзін өндіріп тұр.

 

Бізде бәріне төлеу керек деген түсінік қалыптасқан. Айталық тұрмыс жайлы болу үшін, коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеу керек. Ал, алматылық өнертапқыш Марат Исекеев түбіртектегі «электр үшін» деген бағаннан біржола құтылудың жолын ұсынады. Ол энергияны тегін алатын жел станциясын жасады.

 

Марат Исекеев – өнертапқыш:

 -Қазақ даласында жел күшті болғандықтан, жас ғалымдар ұжымы қондырғыны ауылдық жерлерге орнатып, біздің жел станция арқылы оларды тегін электрмен қамтамасыз етуді ұйғарысып отыр.

 

Конструкция төбесі мен едені бар, тек қабырғасыз көп қабатты үйдің қаңқасын елестетеді. Ішіндегі тігінен орнатылған діңгектерге желмен айналатын қалақшалар бекітілген. Басқа жел қондырғыларынан басты айырмашылығы – осы конструкциясы арқылы бұл өкпек жел эффектісін пайдаланады. Сөйтіп желдің екпінін күшейтіп, басқа аналогтарға қарағанда анағұрлым көп энергия алады.

 

 

Марат Исекеев – өнертапқыш:

 -Бұл технологиядағы еден мен төбе плиталары диффузор міндетін атқарады. Біз өкпек желді сонда бағыттаймыз. Соның арқасында желді пайдалану коэффицентін, қазір қолданыста жүрген конструкцияларға қарағанда, 30-50% пайызға арттырады. Яғни, жел энергиясын пайдалану әсері 0,7-0,8 жетеді.

 

Станция ішіндегі әр секция металл пердемен бөлінген. Олар, егер қондырғыға техникалық жұмыс жүргізу керек болса, қорғаныш функциясын атқарады. Жел станциясы Қазақстанда өндірілген стандартты материалдардан жасалған. Сондай-ақ, конструкцияда желдің кенет ұйытқу соғуы есепке алынған. Істен шықпайды.

 

Өндірілетін энергия станцияның көлеміне қарай. Ұзындығы мен биіктігі аймақтың сейсмикалық жағдайына байланысты ғана шектелуі мүмкін. Өнертапқыштар жел электр станциясының тәжірибелік нұсқасын орналастыруды Маңғыстаудан бастап отыр. Мал ауылға орнатылған құрылғыға арзан материалдар қолданылған. Жүз мың теңге ғана жұмсалды.

 

 

Қалада мұндай станцияны үйдің төбесіне қоюға болады. 5-7 қабатты үйдің тұрғындарын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін, қосымша екі қабат салынуы керек. Жел модульдері сонда орнатылады. Сөйтіп адамдар түгесілмейтін әрі қоршаған ортаға зиянсыз жолмен энергия алады. Тұтынушылар орталықтандырылған электр жүйесінен тәуелсіз болады. Қаржы үнімдейді.

 

Қарапайым тілмен айтсақ, бұл жоба азынақ жел тәрізді. Яғни, ғалымның ойлап тапқан жобасы – өтпе жел тәрізді болады, соның есебінен басқа жел электр станцияларына қарағанда, 30-50 пайызға артық энергия береді екен. Ғалым бұл жобаға 3 жыл уақытын және өзінің 5 млн теңгесін жұмсаған.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин