Жемқорлықты болдырмау – әркімнің міндеті
Курс валют в Актау
на 22/09/2017
 
337.5
341.5
 
403.35
407.35
 
5.61
5.91
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Сентября, 14:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жемқорлықты болдырмау – әркімнің міндеті

19 Мая 2017 (11:04) | 254 | Автор: Мира Ботабекова

 

2017 жылдың мамыр айында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалында мемлекеттік сатып алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің мамандары, есеп бөлімінің қызметкерлері мен инженерлер қатысқан шара барысында филиалдың заңгері Бауыржан Бидулла баяндама жасап, сала жұмысында кездесетін қиыншылықтар мен жаңашыл әдістерге қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

 

- Шараның өткізудің мақсаты- инженерлер мен мемлекеттік сатып алу мамандарының білімдерін толықтырып, мүмкіндіктерін арттыру. Бүгінде «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының қызмет көрсету саласы мемлекеттік сатып алумен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл тақырып өзекті де маңызды болып саналады,-дейді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалының заңгері Бауыржан Бидулла.

 

 

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу – бүгінгі күнгі басты талаптардың бірі. Бауыржан Бидулла филиал мен мемлекеттік сатып алу бойынша түрлі салада қызмет көрсететін мекемелер арасында келісім шарттар жасау кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінен аулақ болудың жолдарын айтып, заңдылықтарды түсіндірді. Жыл санап атқыламаға қарсы және газ қауіпсіздігін сақтау саласында қызмет көрсететін мекемелермен тікелей мемлекеттік сатып алу бойынша жасалатын келісім шарттардың қатары көбейіп барады. Көбінесе, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттар кеңсе және тұрмыстық тауарлар сатып алу сияқты ұсақ-түйек қызметтерге жасалады. Әрине, келісім шарт Маңғыстау филиалы атынан жасалатындықтан, мемлекеттік сатып алу бойынша қызметті тікелей директордың өзі қадағалауы тиіс. Алайда, жұмыс ауқымының көптігіне орай, кейде әрбір тендердің өту барысын қадағалау мүмкін болмай қалады. Тендердің өту барысында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына бәсекелестіктің жоқтығы да әсерін тигізетіні анық.

 

Қазіргі кезде Маңғыстау филиалында тапсырыс беруші мен жеткізушінің құқықтарын қорғап, заңдық мүддесін сақтаудың тиімді механизмдері қарастырылуда. Әлемдік практикада мемлекеттік сатып алу саласының жұмысында психологиялық әдістер, техникалық әдістер, үдерісті реттеу және жазалау шаралары сынды 4 негізгі жол қолданылады.

 

 

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық

құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин