Әлеуметтік жобалардың таныстырылымын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 22/02/2018
 
318.1
321.41
 
392.61
396.82
 
5.57
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
22 Февраля, 00:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлеуметтік жобалардың таныстырылымын ұйымдастырды

30 Апреля 2017 (13:02) | 462 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

"Өркениетті келешек" қоғамдық қоры екі мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асыруды міндеттенген жобалары жайында жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

 

Қордың биылғы жылы жүзеге асыратын жобаларының бірі - «Аула клубтарындағы үйірме жетекшілері мен технология пәні мұғалімдерінің көркем-эстетикалық (сәндік-қолданбалы өнер) бағытта республика көлемінде іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы. Оның мақсаты туралы түсіндірген Қоғамдық қордың директоры Гүлбаршын Қарабалинаның айтуынша, «Аула клубтарындағы қосымша білім беру педагогтары мен технология пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады».

 

Екінші жоба - "Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі" Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жаңаөзен қаласының өзекті мәселелері бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу» деп аталады.

 

-Бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсатымыз - қала тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту. Жобаны орындау барысында мынадай 5 мемлекеттік қызметтер бойынша интернет сауалнама жүргізіледі:

1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы».

2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы».

3. «Мемлекетеік меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

4. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу туралы».

5. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы».

Сонымен қатар медициналық қызметтердің, жолаушылар тасымалының сапасы мен қаланың қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығы деңгейін анықтайтын Жаңаөзен қаласының тұрғындарының пікірін білуге бағытталған кездесулер мен фокус-топтық зерттеулер жүргізіледі.

Жүргізілген сауалнама мен өзге шаралар нәтижесі бойынша көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі анықталып, жергілікті билікке ұсыныстар беріледі, - деп мәлімдеді әлеуметтік жобалар таныстырылымын жүргізген "Өркениетті келешек" қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарбалина.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему