Достық үйінде өткен кездесу
Курс валют в Актау
на 24/01/2018
 
323.31
326.7
 
395.31
399.76
 
5.64
5.8
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Января, 10:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Достық үйінде өткен кездесу

21 Апреля 2017 (13:54) | 480 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Достық" үйінде аймақтың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – өңіріміздегі этносаралық мәселелерді талқылай отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүктеген тапсырмаларын жұмыла орындау мен халық арасында насихаттау жұмыстарын бірлесе жүргізу.

Кездесу барысында этномәдени бірлестік басшылары өлкемізде атқарылып жатқан жұмыстарды кезекпен баяндады. «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Раиса Маденова-Хван жастармен жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын атап өтсе, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің басшысы Сергей Мартын бірлестіктің ұйымдастырған қайырымдылық шаралары туралы әңгіме қозғады.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері облыстың туризм, ауыл шаруашылығын дамыту жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Тарас Шевченконың 85 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастыруға қолдау сұрады.

Облыс әкімі сөз алғандардың барлығын мұқият тыңдай отырып, өлке игілігі үшін қолға алынған міндеттерді бірлесе орындау бағытында өз пікірін ортаға салды.

- Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтау жолында талмай еңбек етіп келеді. Алайда, бұл жұмыстың соңы емес. Алда одан да үлкен мақсат-міндеттер тұр. Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, халқымыздың сана-сезімін рухани жаңғыртуымыз қажет. Біз рухани бай, отансүйгіш және бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастырамыз. Бұл – Елбасымыздың қойған басты мақсаты. Осы орайда этномәдени бірлестіктер мүшелерінің маңызы өте зор, - дейді Ералы Тоғжанов.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему