Қазақстан – бағыты айқын, болашағы бекем ел!
Курс валют в Актау
на 17/08/2018
 
359.5
363.5
 
408.9
413.9
 
5.29
5.45
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Августа, 21:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстан – бағыты айқын, болашағы бекем ел!

1 Апреля 2017 (20:27) | 745 | Автор: Мира Ботабекова

 

Биылғы жыл баршамыз күткендей жаңалықтармен, ауқымды реформалармен басталып отыр. Атап айтар болсақ, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. ТМД елдері арасында алғаш болып халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі Астанада өтпек. Ең бастысы, елімізде күрделі әрі ауқымды конституциялық реформа жүргізілмек. Оған Елбасының ақпан айында алдымен, Үндеуін жариялап, артынша халыққа арнаған Жолдауы себеп болды.

Конституциялық реформа аясында атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының рөлі күшейтіліп, халық алдындағы жауапкершілктері мен міндеттері артпақ. Үшінші билік тармағы саналатын – сот билігін де жаңғыртулар күтіп тұр. Себебі, Үндеуде Елбасы азаматтарды қорғау бағытында Жоғарғы Соттың рөлі нығайтылатындығын атап айтқан болатын.

Елімізде конституциялық реформа бұған дейін де бірнеше рет жүргізіліп келді. Нәтижесінде еліміздің мемлекеттік территориясы бекітіліп, барлық ұлт өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрады. Барлық азаматтарға ұлтына, шығу тегіне, лауазымына, тұрған жеріне қарамастан тең құқық берілді. Ендігі реформа нәтижесінде Қазақстанның демократиялылығы одан әрі беки түседі деп күтілуде.

Қоғам дамып, өзгеріп, жетіліп отырған соң, заң да өзгеріп тұрады. Жаңа өзгерістер елді ешқашан тығырыққа тіреген емес. Ендігі өзгеріс те халықтың мұң-мұқтажын жақсартып, әлеуметтік тұрмысты дұрыстауға бет бұрары сөзсіз. Себебі, осы конституциялық реформа нәтижесінде Парламенттің құзіреті артып, жергілікті әкімдердің жұмыстары қадағаланатын болады.

Кез келген реформалар уақыт талабынан туындайды. Дәл қазіргі жағдайда біз бағытымызды айқындап алдық, енді саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға ұмтылудамыз. Конституцияның жаңа үлгісі сол үшін жасалып отыр.

Елдің дамуы – оның әлеуметтік жағдайымен өлшенеді. Сондықтан билік басында отырғандар болсын, депутаттар мен әкімдер болсын, барлығы да, ең алдымен халықтың жағдайын жақсартуға бет бұрып, осы бағытта жұмысты қолға алып отыр. Халықтың жағдайы елде бірлік болғанда, тыныштық сақталғанда жақсара түседі емес пе? Онымен қоса, Елбасы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның дамудың ширек ғасырын артқа тастап, жаңа кезеңге қадам басып отырғанын айтты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдау ауқымды мәселелерді қамти отырып, еліміздің жаһандану мен ақпараттық технологиялар көшінен қалмауға бағыттайды.

Біздің елді басқалармен салыстырып, сынаушылар да, бағасын арттырып, мақтаушылар да табылар. Ең бастысы, өзіміз үшін айқын нәрсе – ел ішінде бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ сақталып отыр. Ендеше, біз дамудан артта қалмақ емеспіз. «Бұдан да жақсырақ етуге болар еді, алайда, бұдан да жаман болуы мүмкін еді» дегендей, еліміздің беделі бар екені және саясаттың дұрыс бағытта жүгізілгені анық.

Екі жаңғыртудың қорытындысынан еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Мұның өзі үлкен жетістік.

Осы орайда мемлекет басшысы биылғы жолдауда Қазақстанның 30 озық елдің қатарына қосылуы жолындағы бес басымдықты ұсынды.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Бұл жерде цифрлық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияларды өркендету мәселесі айтылған. Яғни, халық көп тұтынатын қызмет салалары елдің әрбір азаматы үшін ыңғайлы болуы үшін онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету ауқымы арттырылады. Сонымен қатар, логистика, инвестиция, еңбек нарығы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бағыттарында да нақты тапсырмалар берілді.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Яғни, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қолға алынып отыр. Сол сияқты өзге де басымдықтарда маңызды бағыттарға мән берілген. Елбасы назарынан мектепке дейінгі білім беру, баға мен тарифті сақтау, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ұлтжандылықты дамыту мәселелері де тыс қалмаған. Бірқатар әлеуметтік төлемдер көлемін арттыруы да халықтың жағдайын жақсартуға бағытталғаны анық.

Өз жолдауында Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру керектігін атап айтты. «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды», - деп, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырмаларды нақтылай келе, үшінші билік тармағына өз қамқорлығын тағы да көрсетті.

Ел Президентінің: «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр», - деген сөздері әрбір қазақстандық азаматқа күш-қуат беріп, жігерлендіре түседі. Біз болашаққа нық сеніммен қараймыз, себебі біздің бағытымыз айқын, болашағымыз бекем!

 

Ержан Усерханұлы Қарабаев,

Маңғыстау облыстық сотының

қылмыстық істер жөніндегі

апелляциялық сот алқасының төрағасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему