Көше тазалаушыларға мың алгыс
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көше тазалаушыларға мың алгыс

1 Марта 2017 (21:21) | 5304 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін ақтаулықтар алғыс айту күнін ерекше атап өтті. Қала жастары таң азаңмен көше тазалаушыларына тосын сый жасады. Шаһар тазалығын сақтаудағы қажырлы еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, көктем гүлі, тәттілер тарту етті.

 

«Мен алғыс айтамын» шарасы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және ҚХА жанындағы «Жас Қанат» жастар ұйымының бастамасымен өтті.

 

Аталған шараға Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты әрі Forte Bank директоры Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы да атсалысып, демеушілік жасады.

 

Ұйымдастырушылар «Қала жолдары» мекемесінің 200-ден астам қызметкеріне жылы лебіздерін білдіріп, көктемнің алғашқы күні мерекелік көңіл-күй сыйлады. Күнделікті қызметіне кіріскен жұмысшылар бүгін мұндай құттықтауды күтпегендерін айтады. «Дегенмен, жақсы сөз, риясыз көңіл жанды жадыратады»,-дейді олар.

 

Бағила Қалдыбаева, «Қала жолдары» мекемесінің жұмысшысы:

 

-Бүгін алғыс айтатын күн, ерекше мереке деп жатыр. Біздің жұмысымызды бағалап, құттықтап жатқан жастарға көп рахмет. Шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Кәдімгідей көңілім көтеріліп қалды.

 

«Қыстың аязды күндері мен жаздың аптап ыстығында аянбай тер төгіп жүрген еңбеккерлер қандай құрметке де лайық»,-дейді ұйымдастырушылар.

 

Айтжан Шоқанов, шараға қатысушы:

-Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін достарымыз Ақтау неткен таза, неткен әсем қала, деп мақтап жатады. Осының бәрі күні-түні тынбай еңбек ететін осы апайларымыз бен ағайларымыздың арқасы. Сондықтан да бүгінгі шараны сол кісілерге арнауды жөн санадық. Ол кісілерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, бір-біріне құрмет пен сыйластықтың артуы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему