Баланы түнде клубқа кіргізген қызметкер жауапқа тартылды
Курс валют в Актау
на 23/03/2017
 
314.5
318.5
 
332.85
338.85
 
5.2
5.5
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
23 Марта, 17:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Баланы түнде клубқа кіргізген қызметкер жауапқа тартылды

11 Января 2017 (16:00) | 629 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, осыдан екі ай бұрын, сағат 22:04 шамасында кәмелет жасқа толмаған А. қасында ата-анасы жоқ, жалғыз өзі Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданында орналасқан «Плестейшн» ойын-сауық орталығының ішінде болған.

Жасөспірім баланың түнде «Плестейшн» клубында жүруіне  сол клубтың әкімгері жеке Д. жол берген.

Сот  қаулысымен Д. ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен ( Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беруі) кінәлі деп танылып, оған  30  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдың 30% жеңілдік қолданылып, 44541  теңге айыппұл жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин