Жол полицейлері көлікті қолмен тоқтата алады
Курс валют в Актау
на 22/01/2017
 
332.8
336.8
 
344.9
350.9
 
5.18
5.58
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Января, 06:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол полицейлері көлікті қолмен тоқтата алады

9 Января 2017 (20:44) | 316 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянова «жаңалықтың» халық дұрыс түсінбей қалған бір тұсы барын айтып отыр. Шұғыл іздестіру шаралары барысында жол-патрульдік полиция қызметкері көшеде тұрып, іздеу жарияланған көліктерді қолмен тоқтата алады.

-Иә, осыны дұрыс түсініп алу қажет. Көлікті тоқтатқаннан кейін жүргізуші тарапынан полиция қызметкерінің әрекеті қаншалықты заңды екеніне қатысты сұрақ туындауы мүмкін. Олар бірден басшылықтың ресми хатын талап етеді. Оны да жақсы білеміз. Алайда, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жол полициясы қызметкері тек өзінің қызметтік куәлігін ғана көрсетуі тиіс. Басқа құжаттарды көрсетуге міндетті емес. Мәселен, ертең біреуді жолдың жиегінде тұрған бір полицей қолмен тоқтатып, шұғыл іздестіру шараларының басталғанын және көліктің қылмыс жасалған машинаға ұқсайтынын мәлімдесе, кез келген көлік жүргізушісі «102» телефон нөміріне қоңырау шалып, іздестіру шарасыжүріпжатыр ма, жоқ па, анық біле алады. Содан соң көлік жүргізушісі жол-патрульдік полиция қызметкерінің аты-жөнін, төсбелгісінің нөмірін жазып алып, арыз-шағымтүсіруінеболады. Біз қызметкердің көлікті заңды тоқтатты ма, жоқ па, жан-жақты тексеріп шығамыз. Көлікті негізсіз тоқтатса, полиция қызметкері жауапқа тартылады. Сондықтан, көшеде жол полициясы қолмен белгі берсе, міндетті түрде тоқтау қажет, - дейді И.Лукьянова.

Оның айтуынша, «жол-патрульдік полиция қызметкеріне көлікті қолмен тоқтатуға рұқсат жоқ» дегенді халық біржақты түсініп, жол полициясы көшеде көлікті мүлдем тоқтата алмайды деп қабылдады.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жол қозғалысы ережелерін толығымен автопатруль бақылайды. Ал, қаланың кіреберісіндегі өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, төтенше жағдайлар мен шұғыл іздестіру шаралары кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді қолмен тоқтата алады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа өзгерістерге байланысты 1 қаңтардан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болды. Мәлім болғандай, полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі береді (қандай жағдайда қолмен тоқтататындығы жөнінде жоғарыда жазылды) және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар сондай-ақ автопатрульмен тоқтатылатын болады. «Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - деп түсіндірді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин