Уақытша тіркелмегендер 7-қаңтардан бастап айыппұл төлейді
Курс валют в Актау
на 23/11/2017
 
329.93
333.68
 
387.67
392.55
 
5.51
5.68
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
23 Ноября, 10:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Уақытша тіркелмегендер 7-қаңтардан бастап айыппұл төлейді

6 Января 2017 (12:41) | 671 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстанның кез келген аумағынан жұмыс бабымен немесе қыдырып басқа қалаға, өзге елді мекенге барған азаматтар міндетті түрде тіркелулері керек. Сол сияқты, пәтерін жалға беретін азаматтар жалдаушыларды сол үйге уақытша болса да, тіркеуге қоюға міндетті. Бұл талаптарды орындамаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді. Жаңа заң талаптары ертең яғни 7 қаңтардан бастап орындалады. ҚР Көші-қон туралы заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде Маңғыстау облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлшара Бастаубаевамен сұхбаттастық.

 

-Гүлшара Кемелханқызы, Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңына толықтырулар мен өзгерістерді енгізудегі басты мақсат?

- 2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын. Мұның ішінде көші-қон туралы заң да бар. Басты мақсат – еліміздегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Ел ішінде қылмысқа жол бермеу. Бұл құжатты дайындау Ақтөбе мен Алматыда болған террорлық актілерден кейін қолға алынды.

 - Көші-қон туралы жаңа заңның талаптарына сәйкес, Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық қанша уақытқа дейін тіркеуге тұруы тиіс?

- Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы басқа облысқа келгенде 3 айдың ішінде тіркеуге тұруы тиіс болатын. Талапты орындамаған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 377-бабы бойынша жауапқа тартылатын. Қазір бұл бап өзгертіліп, 492-ші бап бойынша әкімшілік шараға тартылады. Қазіргі заңға енген өзгеріс бойынша, басқа аймаққа уақытша барған азамат 10 күннің ішінде тіркеуге тұруы міндеттеледі. Ал, бір айға дейін тіркеуге тұрмаған жағдайда, ол адамға ескерту беріледі. Бір айдан асып кетсе, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл төлейтін болады. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге болады.

-Алыстан қыдырып келген ата-анамыз я болмаса балаларымыздың да уақытша тіркеуге тұруы міндетті ме?

- Жоқ, қонаққа келген ата-анаңыз сіздің үйіңізде бір айға дейін тұра алады. Бір айдан асып кетсе онда заң бұзған болып саналады. Ал, бір айға дейін айыппұл төленбейді. Егер қонаққа келген туыстарыңыз пәтер жалдаған жағдайда, уақытша тіркеуге тұруы тиіс болады.

-Неге?

- Себебі, жаңа заң талаптары бойынша пәтерін жалға беретін азаматтар жалдаушыларды сол үйге уақытша болса да, тіркеуге қоюға міндетті. Пәтершілерді тіркеуге қоймаған пәтер иелері 10 АЕК, яғни 22 600 теңге айыппұл төлейді. Олар жеке тұлға емес, шағын кәсіпкерлер болса айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 34 000 теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болса – 50 АЕК көрсеткіш, яғни 113 500 теңге.

-Бұл уақытша тіркеуге тұрғызуға көмектесетін делдалдардың көбеюіне түрткі болмай ма? Жемқорлыққа жол беріп алмаймыз ба?

- Жоқ, бұл керісінше жемқорлықтың алдын алады деп ойлаймын. Сыбайластық мәселесі маңызды сұрақ. Біздің қатарымызда қолы таза емес адамдар болуы мүмкін. Бірақ қайта-қайта пара бергенше, бір рет 200 теңге төлеп тіркелген тиімді. Немесе сыбайластыққа жол бермеу үшін үйде интернет арқылы тіркелуге болады. Сонымен қатар бұл жаңа талаптар үй иесінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, сіз үйіңізге уақытша тіркеуге қойсаңыз ол азаматты өз жауапкершілігіңізге аласыз. Ол азаматтың жүріс-тұрысына, барлық әрекетіне жауапты боласыз.

- Бір пәтерде қанша адамды тіркеуге қоюға болады?

- Санитарлық талаптар бойынша, пәтерде әр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуы керек. Әзірге бұл норма Алматыда енгізілген. Болашақта елдің барлық аймақтарында осындай талаптар қабылданатын болады. Тіркелген әр адамға пәтерден қанша тұрғын жер берілуі керектігі әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе, ауруханаға жату үшін барған азаматтар да сол жерде тіркелуі тиіс. Ал, басқа қалада жұмыс істейтін, бірақ қонақүйде тұратын адамдар қонақүйде тіркелуіне болады.

-Уақытша тіркеу рәсімі қайта жүргізіледі?

- Тіркеу адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасамайды, ал тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында 10-20 минут қана уақыт кетеді.

- Қандай құжаттар керек?

- Тіркелуге көп құжат қажет емес, алайда тіркелуші өзі болуы міндетті. Тіркелу үшін бүгінгі күні мынадай құжаттар керек:

Үй иесінің келісімі

Үй иесінің жеке куәлігі

Тіркелушінің жеке куәлігі

Тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек

Сонымен қатар тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты қажет. Электронды сандық қол болған жағдайда азамат электронды үкімет арқылы тіркелуіне болады және тұрақты тіркелген жерінен тіркеуден шығу қажет емес.

            -Сұхбат бергеніңізге рахмет.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ