Шабуыл жасап, бөтеннің мүлкін жымқырғандар
Курс валют в Актау
на 22/09/2017
 
338
342
 
403.75
407.75
 
5.65
5.95
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Сентября, 09:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шабуыл жасап, бөтеннің мүлкін жымқырғандар

6 Января 2017 (12:39) | 557 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Сотта анықталғандай, сотталушылар А., және Б., адамдар тобы болып алдын ала қылмыстық сөз байласып, қасақана пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, шабуылға ұшыраған жәбірленуші С-ның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салып, жалпы құны 226 000 теңге материалдық шығын келтірген.

 

Ақтау қалалық сотының үкімімен А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұласқан, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып қарақшылық қылмысын жасағандары үшін) кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал, Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында сотталған Б. апелляциялық шағым келтіріп, қылмысты мастықпен істегенін, қазір қателігін түсініп, өкінетінін, жанұясындағы ата-анасы мен екі қарындасының жалғыз асыраушысы өзі екенін көрсетіп, жазасын жеңілдетуді сұраған. Сот үкімімен Б-ның жеке басының сипаты және жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, аталған баптың санкциясында көзделген жаза мөлшерінің ең төменгі шегінде жаза тағайындалған. Сондықтан Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында сотталған Б-ның келтірген уәждері негізсіз деп танылып, сот үкімі өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин