Аяз ата мен ақшақардың бейнесін ата-аналар сомдады
Курс валют в Актау
на 17/08/2018
 
359.5
363.5
 
408.9
413.9
 
5.29
5.45
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Августа, 21:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аяз ата мен ақшақардың бейнесін ата-аналар сомдады

27 Декабря 2016 (18:51) | 931 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Санаулы күндерден соң табалдырықтан тауық жылы аттағалы отыр. Жаңа 2017 жылды қарсы алу үшін жұртшылық қызу дайындыққа кіріскен. Бірі мерекелік дастарханға тәтті алып, енді бірі жаңа киім тіктіріп, тағы бірі жақындарына қуаныш сыйлау үшін сыйлық таңдау үстінде. Ғажайып пен сиқырға толы осынау мерекені әсіресе балалардың асыға күтетіні анық. Ақтаудағы балабақша мен мектептерде бір аптадан бері «Жасыл шырша» мейрамы тойлануда. Қызыққа толы ертеңгіліктің бірі қаладағы №4 «Аққу» балабақшасында өтті.

25 жылдық тәжірибесі бар үздік педагог Қалымбетова Илия Төлепқызы жетекшілік ететін «Балбұлақ» тобы биылғы «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілікті ерекше әрі әсерлі өткізді. Ханшайым мен ханзада, аю мен қасқыр, қоян мен түлкі, ергежейлілер мен ақшақар сияқты ертегі кейіпкерлері мерекелік шыршаның түбіне жиналды.

Балалар ә дегеннен шырша шамын жағуға асықты. Алайда, Мыстан кемпір ұшып келіп, «Жаңа жыл кешін ешкім тойламасын», деген арам оймен оны сиқырлап тастайды. Балалар Мыстанды райынан қайтаруға тырысып, бар өнерін ортаға салды.

Жігіттер «Ергежейлілер» биін, ал мың бұралған қыздар «Ұлпа қар» биін биледі. Айниса болса әсем дауысымен ән шырқады. Егіздер Бақдәулет пен Әлиманың билеген үнді биі ертеңгіліктің көрігін қыздыра түсті. Балақайлардың өнеріне тәнті болған Мыстан шырша шамын қайта жағып, балаларға қуаныш сыйлады.

Мыстаннан соң ортаға шыққан Санта Клаус болса түрлі ойын ойнатты. Балалармен ағылшын тілінде тілдесіп, жаңа жылға арналған жүрекжарды тілегін жеткізді. «Балбұлақ» тобындағы өрендер қазақ және орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілін де меңгеріп жатыр. Ағылшынша өлең оқылып, ән шырқалды. «Балбұлақ» тобындағы жиырма жеті баланың барлығы бойдағы өнерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Айта кету керек, Аяз ата мен Ақшақардан бастап, ертеңгілікке атсалысқан кейіпкерлерді осы топтың ата-аналары сомдады. «Біз ата-аналармен тығыз қарым-қатынастамыз. Биылғы жаңа жыл ертеңгілігін өткізуге ата-аналарымыз барынша қолдау көрсетті. Еркінай Медеубаева Аяз ата, ал, Бұлбұл Тілеуова Ақшақар болып, балалардың көңіл-күйін көтеруге тырысты. Бала тәрбиесіне бақшадағы тәрбиеші ата-анамен бірге атсалысса, онда нәтижесі да жақсы болады»,-деді тәжірибелі тәрбиеші Илия Төлепқызы.

Жаңа жыл шыршасында балалар «Екі қонжық» ертегісін қойып, актерлік шеберліктерін де байқатты.

Ертеңгілік соңында сары киінген балапандар «Тауық пен Қораз» биін билеп, есігімізден кіріп келе жатқан тауық жылына игі тілектерін арнады.

«Ертегілер еліне саяхаттауға мүмкіндік беретін мұндай шаралар балалардың қиялдауына, ойлауына, дамуына аса қажет. Сондықтан да қандай мереке болмасын үлкен дайындықпен, асқан жауапкершілікпен өткізуге тырысамыз»,- деді Илия Қалымбетова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему