Лайықты марапат
Курс валют в Актау
на 12/12/2017
 
332.63
336.39
 
391.56
396.2
 
5.56
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
12 Декабря, 11:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Лайықты марапат

27 Декабря 2016 (17:03) | 598 | Автор: Нурганым Имашева

 

Танымал кәсіпкер, "Маңғыстау индустриалдық палатасы" ЗТБ құрылтайшысы Жаңбырбай Доспаев "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Мәжілісі парламентінің депутаты Азат Перуашевтың қолынан "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медалін алды.

Бұл туралы біздің басылымға «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ баспасөз-қызметі хабарлады.

Айта кету керек, бұл - Жаңбырбай Сұлтанұлының биылдыққа алған үшінші наградасы. Бұған дейін үстіміздегі жылдың ақпан айында Жаңбырбай Сұлтанұлы "Қазақ хандығына 550 жыл" естелік төсбелгісімен марапатталған болатын.

Сондай-ақ, мамыр айында еліміздің бас қаласы Астанада өткен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезі барысында, ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумінің төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау өңірінде экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Жаңбырбай Доспаевқа «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі «Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» медалін тапсырған болатын.

Маңғыстау индустриалдық палатасының ұжымы Жаңбырбай Сұлтанұлын  кезекті марапатымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына табыс пен жаңа белестерді бағындыра беруге тілек білдіреді, - дейдіМаңғыстау индусртиалдық палатасы төрағасының кеңесшісі Нұрбол Оқуов.

 

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему