Қауіптің алдын алуға шақырды
Курс валют в Актау
на 21/01/2018
 
324.14
327.7
 
395.04
399.55
 
5.65
5.82
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
21 Января, 23:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қауіптің алдын алуға шақырды

3 Октября 2016 (17:00) | 516 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және пәтерлер иелерінің тұтынушы коперативінің төрағасымен бірге 2016 жылдың 01 қазанында Ақтау қаласы 5 шағын ауданда орналасқан №20-21-22-ші үйлерде «Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» деп аталған шара аясында тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізіп, барлық пәтерлерге жадынамалар таратылды.

 

Бұл туралы біздің редакциямызға Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Асқарұлы хабарлады.

 

Шара барысында басқарма қызметкерлері қаланың шағын аудандарында тұрғын үйлерге рейд жүргізді. Тұрғындар арасында тұрмыста қолданылатын электрқыздырғыш құралдарынан және пештерді, тұрмыста жиі қолданылатын газ пештерін пайдалану барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым ережелерін сақтау бойынша негізгі ақпараттар, жадынамалар буклеттер таратты.

Инженерлік - инспекторлық құрам әңгімелесу шараларын өткізді.

Ақтау қаласының өрт қаупі жоғары саналатын 4,5,7 шағын аудандарының тұрғын үйлерінің 500-ден астам тұрғындарына нұсқаулықтар өткізілді.

Одан басқа да «Тұрғын үй - 2016» операциясы щенберінде Тұрғын-үй шаруашылығының жылу-энергиясымен қамту мекемесінің өкілдері және жетекшілері аумақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ПИТК өкілдерімен бірге өртке қарсы сумен қамту жүйесінің жұмыс жағдайын қамтамасыз ету және тұрғын үйлердегі өрт мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Өрт саны азайғанмен, олардың себептері әлі бұрынгыша, яғни, электрқұралдарын пайдаланудың монтаждық және техникилық ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздігін сақтамау.

2016 жылдың ағымдағы кезеңінде қала аумағы бойынша 64 өрт орын алған, соның 22 - сі тұрғын жай секторынан тіркелген. Соңғы өрт 2016 жылдың 23 қыркүйегінде тұрғын үй секторында Ақтау қаласы 12 ш/а №23 үйінің екі бөлмелі №43 пәтерінде жатын бөлмеде және ас бөлмесінде орын алған.

Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі себептері: электрсымдардың қысқа түйісуі (электрэнергиясын ұзақ қолдану барысында алюминий және мыс сымдардың оралып қалуы), балалардың шалалығы, төсекте жатып темекі тарту болып табылады, - деп мәлімдеді Ақтау қалалық ТЖ Басқармасының ағаинженері Абдираш Нұрсұлтан.

 

 

Сақтандыру шарасы барысында басқарма қызметкерлері қала аудандарының тұрғын үйлерін айналып рейд жүргізді.

 

«Тұрғын үйлердегі өрт – бұл үлкен өкініш. Өйткені, от-абжылан үйлерді отқа орап, адамдарды жалмап, материалдық құндылықтарын жояды.. Әйтсе де, сол өрттердің шығуына үй иелерінің өздері кінәлі болатынына қайран қаласың.

 

Өрттердің басым бөлігіне отты қолданғанда абайсыздық таныту, балалардың отпен ойнауы, пештерді, тұрмыстық газ және электр аспаптарын дұрыс пайдаланбау, төсекте мас күйде темекі шегу, қолдан жасалған электр аспаптарын қолдану сияқты салғырттықтар себеп болуда.

 

Қазір электр қуатынсыз тіршілік жасау мүмкін емес. Ол күнделікті өмірімізде тұрмысымыз үшін жағдай жасау үшін кеңінен қолданылып, үйдің жылуына да, жарығына да, шаруашылықты жүргізуге де септігін тигізуде. Алайда, электр қуатының пайдасымен қатар, оның өрт қаупі жағын да қаперімізден шығармағанымыз жөн болады. Егер электр аспабын бақылаусыз ұзақ уақытқа қосулы қалдырсаңыз, ол қызып өз бойында немесе жанында тұрған жанғыш заттардың тұтануына себепкер болатыны анық.

 

Жылытқыш аспаптардың астындағы тұтануы мүмкін материалдардың өртенуінің алдын алу үшін күймейтін заттар (кірпіш, мәрмәр тақтасы, асбест қабаты) арқылы қорғау.

 

Сонымен қатар жылытқыш пештер, газ плиталары, керосин аспаптарын дұрыс пайдаланбау өртке әкеп соқтырады.

 

Ең қауіпстісі балалардың отпен ойнауынан шығатын өрттер. Тұрғын үй және басқа да құрылыстардың жанында балалардың отпен ойнауынан өрт шығып жатса, өкініштісі сол оттың жалыны балалардың өмірін үзіп жатқанында.

 

Жылдың суық маусымы келісімен тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардағы жылыту пештерінен шығатын өрттердің саны 80 процентті құрайды»,- деген ақпаратпен бөліскен аға инженер Нұрсұлтан Абдираш:

- Жылыту пештерінен шығатын өрттердің себептері келесідей: - пеш құрылысында пайда болған жарықтардан шыққан жалындар, газдар мен от ұшқындарының ғимараттың тез жанғыш ағаштан жасалған құрылысына тиюі;

Пешті шамадан тыс қыздырып алған кезде өртті болдырмауға арналған

аралықтардың өте жақын болып, жанғыш заттардың тұтануынан шығуы;

-  Пештің ыстық қызуынан немесе оның жарық жерлерінен шыққан оттың тез жанғыш бұйымдар (жиһаз, төсек-орын, киім-кешек) мен заттардың (отын т.б) өте жақын орналасып, өртенуі;

- пеш аузынан түскен шоқтардың ғимараттың ағаш немесе басқа да тез тұтанғыш бөліктерінің үстіне түсуінен.

Міне, сондықтан тұрғын үйдің иелері пештің құрылысының ақаусыз болуына және дұрыс пайдалануға аса назар аударып, өрт қауіпсіздігі шараларын жіті бақылап отырғандары абзал.

Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және сіздің отқа салғырт қарауыңыз бақытсыз жағдайға жеткізетінін есте ұстаған жөн. Отпен әрдайым абай болыңыз, электрплиткаларын, үтіктерді, электршәйнектерін қараусыз қосулы қалуына жол бермеңіздер, оларды пайдаланғанда астарына күймейтін заттарды қойыңыз. Балаларға сіреңке бермеңіз, оларға отпен ойнаудың қауіпті екенінт үсіндіріңіз және үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Пештерді уақытында жөндеп, мұржаларын тазалап отырыңыздар.

Электр сымдарының ақаулығының да алдын алып отырған дұрыс. Электр желісіне бірнеше аспапты өткізіп, күш түсірмеңіздер, - деп қала тұрғындарына ескертеді.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему